Жаңалықтар
Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің бейімделуіне қолайлы жағдайлар жасалуда

Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің бейімделуіне қолайлы жағдайлар жасалуда

Создаются условия для комфортной адаптации военнослужащих срочной службы

Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің бейімделуіне қолайлы жағдайлар жасалуда

Бас штабтың тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің офицерлері Алматы, Гвардейск, Жетіген, Қапшағай, Сарыөзек және Талдықорған гарнизондарындағы жас буындарға тексеру жүргізуде.

Бір апта ішінде қорғаныс ведомствосының өкілдері мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің, казармаларға, асханаларға бейімделу жағдайларын, бөлім командирлерінің басшылық құжаттарын, нормативтік құқықтық актілердің сақталуын тексереді.

Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің офицерлері бөлім командирлеріне жас толымдармен жұмыс жасауда әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді.

Көктемгде әскерге алынған әскери қызметшілердің әскери қызмет жағдайларына ыңғайлы бейімделуіне жеке әңгімелесулер мен психологиялық тренингтер ықпал етеді.

Осындай жұмыс күзгі және көктемгі шақыру қорытындылары бойынша мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерімен әскерлерді толықтыру кезеңінде жылына екі рет жүргізіледі. Оның негізгі мақсаты әскерге шақырылушыларды мерзімді әскери қызмет жағдайында әлеуметтендіруді қамтамасыз ету.

Тексеру қорытындысы бойынша Қарулы Күштер түрлерінің бас қолбасшыларына, әскер тектерінің, өңірлік қолбасшылықтар әскерлерінің қолбасшыларына, әскери бөлімдердің командирлеріне әскери ортаның райын зерделеу, олардың бос уақытын ұйымдастыру және сарбаздарды әскери өмірге бейімдеу бойынша ұсынымдар берілетін болады.

Қазақстанның Қарулы Күштеріне көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру барысында 6700-ден астам жасөспірім шақырылатын болады.

ҚР Қорғаныс министрлігі

26.04.2021

Возврат к списку