Жаңалықтар
«Жас қазақстандық портреті» Мәжілісте таныстырылды

«Жас қазақстандық портреті» Мәжілісте таныстырылды

«Портрет молодого казахстанца» был представлен в Мажилисе

«Жас қазақстандық портреті» Мәжілісте таныстырылды

Бүгін, 30 наурызда «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Аян Сакошев Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі ұйымдастырған «Қазақстандағы жастар саясаты: өзекті мәселелер мен даму перспективасы» атты дөңгелек үстелде сөз сөйледі.

Аян Сакошев сөз сөйлеу барысында «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының рөлі мен зерттеулер нәтижесінде анықталған жастар саясаты саласындағы проблемалар туралы егжей-тегжейлі айтып, «Қазақстан жастары – 2020» ұлттық баяндамасында алғаш рет келтірілген «Жас қазақстандықтың портретін» сипаттап берді.

«Жас қазақстандықтың портреті» әртүрлі сала бойынша жастардың талғамы мен мүддесі сияқты біршама терең құбылыстарды көрсетеді. Бұл талдамалық портретте жастар өмірінің негізгі үрдістері бейнеленеді. Мәселен, 2020 жылғы әлеуметтанулық зерттеу нәтижесі бойынша 2017-2020 жылдар аралығында жастар арасындағы негізгі құндылықтар өзгермеген. Топ-3 құндылық қатарына «Отбасы», «Денсаулық» және «Достық» кіреді. Оған қоса, жастардың 72,1% үшін отбасы жастар құндылықтарының қалыптасуында негізгі институт екені анықталды.

Сонымен қатар, жастардың 50,7% жылына бір рет профилактикалық тексеруден өтеді, 65% жүйелі түрде спортпен айналысады, 21,4% миграцияға дайын болса, 8,8% ғылыми қызметпен айналысады. «Жас қазақстандықтың портретінде» осы және өзге де көрсеткіштер демография, денсаулық пен бос уақыт, білім мен ғылым, әлеуметтік-экономикалық жағдай, құндылық бағдар, саяси процеске қатысу, қылмыс және жастар саясаты сияқты бағдарлар қамтылған.  



Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі ұйымдастырған онлайн форматта өткен дөңгелек үстелге мемлекеттік қызметкерлер, депутаттар мен сарапшылар қатысты.
30.03.2021

Возврат к списку