Жаңалықтар
Жастар тәуелсіздікке тарту жасады

Жастар тәуелсіздікке тарту жасады

Жастар тәуелсіздікке тарту жасады

Жастар тәуелсіздікке тарту жасады

Ел тәуелсіздігінің 30 жыл толуына орай жағалауға Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының бастамасымен Қазақстан табиғат бейнеленген мурал салынды.

Жастардың тұрғындар мен туристерге арналған тартуында республиканың батысынан шығысына дейінгі табиғат бейнеленген. Көз тартар көрікті картинада көк аспанмен ұштасқан қарт Каспий, Көк байрақ, Маңғыстаудың төсінде түзілген Шерқала, Қаратаудың ең биік нүктесі күмбезді Отпан тау, Елордада орналасқан “Тәуелсіздік” монументі мен Егеменді еліміздің 30 жылдық логотипімен бірге қамтыған.

“Муралда Қазақстанның символына айналған басты нышандарды бейнелеуге тырыстық. Жағалау көпшіліктің бас қосатын орны болғандықтан, әсіресе жастар тарихтан сыр шертер муралдың жанында сәтті кадрлар жасап, видеоға түсіп серуендесе”, - дейді орталық директоры Абылай Фазылбекұлы.

Айта кетейік, өткен жылы дәл осы мурал жанынан жастар граффити үлгіде Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай ақынның суреті мен шығармашылығын бейнелеген болатын.  

Осылайша, Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастырумен облыс көлемінде алғаш рет өткен  «MANGYSTAU NAURYZ FEST-2021» жастар фестивалінің соңғы күні тәуелсіздік тартуымен аяқталды.

 

25.03.2021

Возврат к списку