Жаңалықтар
«Жастар – еліміздің ең басты капиталдарының бірі»

«Жастар – еліміздің ең басты капиталдарының бірі»

«Молодежь – один из важнейших капиталов нашей страны»

«Жастар – еліміздің ең басты капиталдарының бірі»

Бүгін 16 наурызда «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Сакошев Аян «Aзaмaттық aлaң» пікірталас алаңының кезекті отыpыcында «Қазақстан жастарының әлеуметтік портреті» тақырыбында сөз сөйледі. Баяндама барысында Сакошев А. 2020 жылғы «Қазақстан жастары» ұлттық баяндамасына жаңадан енгізілген «Жас қазақстандықтың портреті» және «100 адам мысалындағы Қазақстан жастарының статистикасы» атты талдамалық блок туралы айтты.  
«100 адам мысалындағы Қазақстан жастарының статистикасы» модельденген ақпараты еліміздегі жастар бойынша негізгі сандарды салыстырмалы үлеспен көрсетеді. Ал «Жас қазақстандықтың портреті» әртүрлі сала бойынша жастардың талғамы мен мүддесі сияқты біршама терең құбылыстарды көрсетеді. Бұл талдамалық портретте жастар өмірінің негізгі үрдістері бейнеленеді. Көрсеткіштер демография, денсаулық пен бос уақыт, білім мен ғылым, әлеуметтік-экономикалық жағдай, құндылық бағдар, саяси процеске қатысу, қылмыс және жастар саясаты сияқты бағдарларды қамтиды. 
 «Азаматтық алаң» пікірталас алаңын «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты (ҚҚДИ) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесе жүргізеді. Алаңға қатысушылар құрамына ҮЕҰ, жастар ұйымдарының өкілдері, қоғамдық пікір көшбасшылары, еріктілер мен белсенді азаматтар кіреді.
16.03.2021

Возврат к списку