Жаңалықтар
Көгалдандыру – көптің ісі

Көгалдандыру – көптің ісі

Көгалдандыру – көптің ісі

Көгалдандыру – көптің ісі

Қазақтың ұлттық дәстүрінде адамгершілікке баулитын, тіршілік иесіне зиян келтірмеу мен қоршаған ортаға жанашырлық сезімін тудыратын тәмсіл-ғұрыптар жеткілікті. Жер ана бусанған қазіргі сәтте бұл көрініс қыза түскендей.
 
15 наурыз «MANGYSTAU NAURYZ FEST-2021» жастар фестивалінің «Жайлау күніне» орай жастар «Ақбота» саябағына бірнеше түп тал отырғызды. Ортақ іске облыс, аудан жастарынан бөлек, жастар ұйымдарының белсенділері, волонтерлар мен колледж студенттері де бар.
Таң атысымен табиғатты аялауға арналған біркүндікте жастар қалалық саябаққа 150-ден астам, ал, жалпы облыс бойынша 500 түп үйеңкі, шаған секілді ағаш көшетін отырғызды.  
 
«Мақсатымыз – қала мен аудандарды абаттандырып, жасыл желекке айналдыру, жастарды табиғатты аялауға баулып, туған жерді қастерлеуге шақыру. Фестиваль аясында тал егу шарасын жастар өз аудандарында да жүргізуде. Акцияны келесі сәуір айында да жаластыру жоспарымызда бар»,- дейді облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Абылай Фазылбек.
 
Алдағы уақытта көшеттерді суару мәселесін қалалық әкімдік жүзеге асырмақ.
 
#MangystauNauryzFest2021
#МаңғыстауЖастары












16.03.2021

Возврат к списку