Жаңалықтар
Жастар тұрғындарды амал мерекесімен құттықтады

Жастар тұрғындарды амал мерекесімен құттықтады

Жастар тұрғындарды амал мерекесімен құттықтады

Жастар тұрғындарды амал мерекесімен құттықтады

Алты ай қыстан аман шыққан ағайын бүгінгі көктемнің күніне жетіп, амандық саулық сұрасып, көрісіп жатыр. Осы ерекше күні қала көшелерінде таң атысымен дыбыс ұлғайтқыш құрылғылары арқылы дүйім жұртты  мерекемен құттықтап, қазақтың күмбірлеген сазды әуені де шырқалуда. 

Ал, өңір жастары мен волонтерлар орталық көшелер мен адамдар көп шоғыраланатын аймақтарда тұрғындар мен қала қонақтарына  “Жыл құтты болсын” атауымен тәттілерді үлестіруден бастады. Бірнеше жастардан құралған 4 топ тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлап, халықты бірлік пен ауызбіршілікке шақыратын айтулы мерекемен құттықтады.

Сонымен қатар, Маңғыстау және Түпқараған  ауданы жастары да өз аудан тұрғындарын мерекелік тәттілермен қуантты.

Ал, Жаңаөзен жастар орталығы мамандары шаһардағы бірнеше ақсақалдың үйінде болып, сый-сияпат көрсетіп, алғысын алды.

Осылай «MANGYSTAU NAURYZ FEST-2021» жастар фестивалінің алғашқы күні басталды. 
 
#MangystauNauryzFest2021
#МаңғыстауЖастары















15.03.2021

Возврат к списку