Жаңалықтар
«Нео-фольклор» стиліндегі киім дизайнерлері ұлттық байқауының жеңімпазы анықталды

«Нео-фольклор» стиліндегі киім дизайнерлері ұлттық байқауының жеңімпазы анықталды

Нео-фольклор – это одежда, наделенная духом современности

«Нео-фольклор» стиліндегі киім дизайнерлері ұлттық байқауының жеңімпазы анықталды

«Нео-фольклор» стиліндегі киім дизайнерлері ұлттық байқауының жеңімпазы анықталды
Қазақстанда ел колледждері арасында «Нео-фольклор» стиліндегі киім дизайнерлерінің I Ұлттық байқауы аяқталды. Байқаудың қазылары бүгін 9 аталымның жеңімпаздары мен жүлделі орын иегерлерінің есімдерін атады деп хабарлайды Ruh.kz порталы.
 
«Нео-фольклор» стиліндегі киім дизайнерлері мен киім үлгілеушілердің  I Ұлттық конкурсы ҚР Білім және ғылым министрлігінің және «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты қолдауымен Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы сән индустриясы саласындағы жас таланттарды анықтау және жаһандық әлемге таныту мақсатында Қазақстан колледждеріндегі «Киім дизайны» және «Тігін өндірісі және киімді үлгілеу» мамандықтары бойынша білім алып жатқан оқушылар арасында өткізілді. Оған Қазақстанның 27 колледжінен 50-ден астам адам қатысты.
 
Екі айға созылған байқаудың қазылары құрамындағы әлемдік сән индустриясының жетекші сарапшылары қатысушылардың топтама үлгілерін, жеке суреттерін, оқу орындары жайлы бейнероликтері мен топтамаларының көрсетілімін бағалады.
 
Дүбірлі додада Алматы мемлкеттік жаңа технологиялар колледжінің студенті Айдана Оразхан топ жарып, жүзден жүйрік атанды. Бас жүлде иегері ASPARA FASHION WEEK байқауына тегін қатысу (онлайн) сертификатына ие болып, онда өзінің толық топтамасын таныстыра алады.
 
«Мен бұл байқауға жеңіс үшін емес белгілі бір нәтиже үшін қатыстым. Байқау барысында өз жұмысыңа басқаша қарайсың. Өз-өзіңе деген сенімділігің арта түседі. Ол – тәжірибеңді, идеяларыңды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін еркін алаң.
 
Менің топтамам «Алатау кеші» деп аталады. Жаңа маусымда дизайнерлер сырмалы материал негізінде неше түрлі дүниелерді жарыққа шығаруда. Мен үйде отырған уақытты босқа өткізбей, көрпелерді, жастықтарды, төсек жаймаларды кешкі көйлектерге, жакеттерге, белдемшелерге неге айналдырмасқа деп ойладым. Бұл – ең ыңғайлы, жылы киім.
 
Әр адамның өз арманы бар. Менің арманым – өз брендімді қалыптастыру. Брендімді бар әлем танығанын қалаймын. Ол үшін маған мол тәжірибе жинау қажет. Сол себепті осындай байқауларға қатысқанды жөн көремін, өнерімді жетілдірген дұрыс», - дейді Айдана Оразхан.
Байқаудағы І орынды  Шымкент қаласының Жеңіл өнееркәсіп жән сервис колледжінің студенті Мәриям Бекмұрза, ІІ орынды Тараз қаласындағы «Аспара» сән өнері және сервис колледжінің студенті Мухамед Шамилов және ІІІ орынды Семей қаласындағы бизнес және сервис колледжінің өкілі Еркежан Назарбаева еншіледі.
 
Сондай-ақ, «Әлеуметтік желідегі көрермендер көзайымы», «Колледж туралы үздік бейнеролик», «Дәстүрлі материалдарды, формалар мен түстерді жаңаша пайдалану», «Топтаның креативті таныстырылымы», «Креативті үлгі», «Топтаманы шығару идеясының бірегейлігі» сияқты 9 аталым жеңімпаздарының есімдері белгілі болды.
 
Барлық жеңімпаздар түрлі сертифиаттармен, статуэткалармен, дипломдармен марапатталды.  
Айта кетейік, «Нео-фольклор» стиліндегі киім дизайнерлері мен киім үлгілеушілердің  I ұлттық байқауы  жаһандық сән индустриясында өзіндік орны бар «ASPARA FASHION WEEK» халықаралық сән апталығының платформасында өткізілді.
 
Байқауды өткізу және «ASPARA FASHION WEEK» халықаралық сән апталығы платформасының қызметі жас дизайнерлерді қолдауға, Қазақстанның сән индустриясын жаңғыртып дамытуға, сән әлеміндегі халықаралық деңгейдегі ынтымақтастыққа, киім және дәстүрлі қолөнер бұйымдарын дайындауда мамандықтар мәртебесін көтеруге бағытталған.
15.03.2021

Возврат к списку