Жаңалықтар
Пайдаңды тигізем десең...

Пайдаңды тигізем десең...

Если хочешь быть полезным...

Пайдаңды тигізем десең...

Зеренді ауданында волонтерлердің қозғалысы кең етек алып келеді. Ауданға қарасты көптеген ауылдарда былтырғы жылдан бастап қиын жағдайларға бей-жай қарамайтын, мүмкіндіктері келгенше қол ұшын созатын жас белсенділер мен қамқор жандардан құралған волонтерлік топтар бар.
Солардың бірі – жергілікті мектептің оқу меңгерушісінің бастамасымен құрылған Өзен ауылындағы «Қайырымды болайық» волонтерлік орталығы. Жас шамасы 23-ті алқымдаған бес ер және үш әйел адамнан құралған сегіз жас мұғалім 2020 жылдың қыркүйек айында бас қосып, осындай волонтерлік орталық ашуға бел буған. Жас мамандар волонтерлік қызметті дамыту бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында оқуларын нәтижелі аяқтап, сертификат алған. Игі істерін бірден тәртіп пен тазалық шараларынан бастап, экологиялық сенбіліктер ұйымдастырды. Орталық жетекшісі – Ғания Махметтің айтуынша, орталық «Таза әлем» және «Қамқор» атты екі бағыт бойынша қызмет атқарады. Дәлірек айтқанда, туған жердің тазалығын қолға алып, сонымен қатар өңірдегі жалғызбасты, қарт кісілерге жылулық сыйлап, қол ұшын береді. Коронавируспен күрес барысында жас волонтерлер өз қолдарымен бетперделер тігіп, көпбалалы отбасыларға қамтамасыз ету мақсатында таратып берген. 
- «Өзен ауылындағы волонтерлік клубы қызмет көрсету жағынан қатарынан озық шығып, «2020 жылғы үздік волонтерлік әлеуметтік жоба» конкурсында үшінші орынға ие болса, клуб жетекшісі – Ғания Махмет «Зеренді ауданының үздік волонтеры» конкурсында екінші орынға лайық деп табылған», - деді жастар ресурстық орталығының басшысы Жазира Қазбаева.
Келіп жеткен жаңа жылды педагог – волонтерлер қарт кісілерді қар құрсауынан босату жұмыстарымен бастап кеткен еді.



Тоқсан сөздің тобықтай түйіні, адамға алдымен ниет керек, ниетің түзу болса ісің оңға бастайды!           
 
Светлана КИМ
10.03.2021

Возврат к списку