Жаңалықтар
«Ақжайық жастары» мен «Астана жастары» меморандумға қол қойды

«Ақжайық жастары» мен «Астана жастары» меморандумға қол қойды

«Акжайык жастары» и «Астана жастары» подписали меморандум

«Ақжайық жастары» мен «Астана жастары» меморандумға қол қойды

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы «Ақжайық жастары» жастар ресурстық орталығының жеткешісі Нұркен Мейірбек және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанындағы «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының жеткешісі Тлеулин Чингиз екі мекеме арасында өзара меморандумға қол қойды.  
 
Кездесу барысында қос тарап екі мекеме арасында келешекте жүргізілетін іс-шаралар жоспарын талқылап, бірлесе отырып жұмыс істеуге ниет білдірді. Осы орайда, жастар саясатын дамытудың басым бағыттарын модельдеу және мүдделі мемлекеттік құрылымдардың салааралық ынтымақтастықтарына әдістемелік қолдау көрсету бағыттары бойынша жұмыс істеуге уағдаласты.
 


Жастар ресурстық орталығы немесе ЖРО – жастардың әлеуметтік және тұлғалық дамуына жәрдемдесетін және жастар ұйымдарының қызметіне қолдау көрсететін ұйым. Қазіргі таңда Қазақстанда жалпы 209 жастар ресурстық ортылығы жұмыс істеуде, оларға «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы әдістемелік қолдау көрсетеді. 
05.03.2021

Возврат к списку