Жаңалықтар
«Елорда жастары» бағдарламасы іске қосылды

«Елорда жастары» бағдарламасы іске қосылды

Когда в столице начнется реализация жилищной программы для молодежи

«Елорда жастары» бағдарламасы іске қосылды

Осындай атаумен наурыз айында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тұрғын-үй бағдарламасы іске қосылмақ, деп хабарлайды Atameken Business.     Аты айтып тұрғандай жеңілдетілген несиеге баспананы шаһардың жастары рәсімдей алады. Пәтерге қол жеткізудің шарттары қандай? Әріптесім Эльмира Сәдуақасова білуге тырысты. Бұл жолы тізімге жас бұқаралық ақпарат құралдарының мамандары да еніп отыр. Әрине, басымдық бірінші кезекте әдеттегідей дәрігерлерге, мұғалімдерге, полицейлерге, сондай-ақ өнер адамдарына да беріледі. Болашақта тізімді кеңейтіп, өндіріс пен IT саласының қызметкерлерін де пәтермен қамту қарастырылуда. Қазір Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі бағдарлама шарттарын нақтылап, іске асыруға бөлінетін қаржы көлемін бекітуде. Белгілісі мынау – ипотеканың бастапқы жарнасы – 10 пайыз, жылдық үстемеақысы 5 пайызды құрамақ. Ал, пәтердің құны 13 млн теңгеге дейін болуы тиіс.
26.02.2021

Возврат к списку