2018 жылдың 18 мамыры күні Жаңақорған ауданы, Келінтөбе ауылындағы N 192 орта мектептің 25 оқушысы жаппай тамақтан уланды. Эпидемиологиялық тексеруден анықталғандай, жаппай улануға қарақұмық және жұмыртқа пайдаланғаннан болған. Тамақты ішкен балалар 2-3 сағаттан соң-ақ, ауру белгілерімен Келінтөбе ауылдық дәрігерлік амбулаторияға медициналық көмекке жүгінген. Оларға алғашқы дәрігерлік көмек көрсетілді. Орталық аудандық ауруханаға 4 бала жеткізілді. Сол сәттегі балалардың жағдайы орташа деңгейде болған, жүрек айнып, іштері өткен. Әзірше оларға алдын ала сальмонелла тудырған тағамдық таксоинфекция диагнозы қойылды.