Жаңалықтар
Ақмолада студенттерге 11 жатақхана салынады

Ақмолада студенттерге 11 жатақхана салынады

Ақмолада студенттерге 11 жатақхана салынады

Ақмолада студенттерге 11 жатақхана салынады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасы бойынша Ақмола облысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында студенттерге 11 жатақхана салынады деп жоспарланып отыр. Мамандардың сөзінше, облыста студенттерді жатақханамен қамту мәселесі алдағы екі-үш жылдың ішінде толық шешілуі тиіс. Себебі оқу орындары Елбасы көтерген бес бастаманың аясында мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі бойынша жаңа жатақханалар тұрғызбақ. Қазір соның жобасы әзірленіп жатыр.
Өңірде студенттер көп шоғырланған қала – Көкшетау. Мұнда 4 жоғары оқу орны мен бірнеше орта арнаулы білім ошақтары бар. Облыс орталығында жатақханаға мұқтаж студенттердің басым бөлігі – ауыл жастары. Қазір қаладағы оқу орындарында бас-аяғы 7 жатақхана ғана бар. Барлық студентті жатақханамен қамту үшін тағы 8 ғимарат қажет. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Аманай Сейітқасымовтың айтуынша, оқу орнындағы үш мың студенттің 1310-ы жатақханада тұрады.
 
21.05.2018

Возврат к списку