Жаңалықтар
Дипломмен ауылға баратын жастардың үлесі қанша?

Дипломмен ауылға баратын жастардың үлесі қанша?

Дипломмен ауылға баратын жастардың үлесі қанша?

Дипломмен ауылға баратын жастардың үлесі қанша?

2009 жылдан бері іске асырылып келе жатқан «Дипломмен ауылға!» әлеуметтік бағдарламасы ел болашағы – жастарымыздың өз мамандықтарына сай жұмысқа орналасып, баспана алып, өмірден орындарын табуларына, сондай-ақ ауылдық елді мекендерді денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ауыл шаруашылығы салаларының жас мамандарымен қамтамасыз етуге қолайлы мүмкіндік берді. Ал жас мамандар ауылдық жерлерге жұмысқа барудан бас тартпайтындығын тәжірибе көрсетіп отыр. Бағдарлама іске асырылған 9 жыл ішінде ауылдық елді мекендерге 54 мыңнан астам жас маман тұрақты жұмысқа келіп, 12,5 миллиард теңге сомасында көтермеақы алғандығы және олардың 23,5 мыңға жуығына 57 миллиард теңге сомасында тұрғын үй алуға несие берілгендігі соның айғағы. Бұл көрсеткіштер Елбасы қабылдаған шешімнің дұрыстығын айғақтайды және болашақ жас мамандарға үлкен үміт береді.

17.05.2018

Возврат к списку