Жаңалықтар
Конференцияның жас ғалымдарға берері мол

Конференцияның жас ғалымдарға берері мол

Конференцияның жас ғалымдарға берері мол

Конференцияның жас ғалымдарға берері мол

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Ғылым және инновациялық қызмет жөніндегі департаменті студенттер мен жас ғалымдардың қатысуымен жыл сайын «Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференция өткізіп тұрады. Биылғы конференцияға 6325 адам қатысты. Оның 583 еліміздің өзге өңірлеріндегі оқу орындарынан болса, 301 қатысушы алыс шет елдер мен (Нидерланд, Корея, АҚШ,Қытай т.б) ТМД елдерінен келді. Осыған байланысты Ұлттық университет факультеттерінде 117 секция, 191 дөңгелек үстел және өзге де ғылыми семинарлар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, аталмыш іс-шара аясында ұйымдастырылған байқауға 72 инновациялық жоба қатысты. Байқаудың жеңімпазы ретінде физика-техникалық, биология және биотехнология, химия және химиялық технология, механика-математика, филология және әлем тілдері, география және табиғатты пайдалану, экономика және бизнес жоғары мектебі, шығыстану факультеттері танылды.
Жыл сайын өтіп тұратын аталған халықаралық конференцияның студенттермен жас ғалымдарға берер пайдасы ұшан-теңіз. Осы конференцияға қатысқан кез-келген студент шығармашылық қабілетін көрсетуге, ғалымдық ізденістерін өзгелермен бөлісуге тырысады. Ал, конференция олардың ғылымға деген қызғушылығын ояту үшін түрлі байқаулар ұйымдастырып, ынталандырып отырады. Бұл шаралар жас мамандардың дамуына ерекше ықпал етері сөзсіз.
 
17.05.2018

Возврат к списку