Жаңалықтар
Балаларды діни қызметке заңсыз тартудан қорғау күшейтіледі

Балаларды діни қызметке заңсыз тартудан қорғау күшейтіледі

Балаларды діни қызметке заңсыз тартудан қорғау күшейтіледі

Балаларды діни қызметке заңсыз тартудан қорғау күшейтіледі

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша заң жобасын талқыланды. 
ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев айтуы бойынша, кәмелетке толмағандарды діни қызметке заңсыз тартудан қорғау деңгейі күшейеді. Балалар мен жасөспірімдерді ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің келісімінсіз салттар мен жораларға тартпауды нормативтік тұрғыда бекіту ұсынылады. 
Бұдан бұрын хабарланғандай, жалпы отырыста палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.
 
17.05.2018

Возврат к списку