Жаңалықтар
Биыл Атырауда 100 жас отбасы баспаналы болады

Биыл Атырауда 100 жас отбасы баспаналы болады

Биыл Атырауда 100 жас отбасы баспаналы болады

Биыл Атырауда 100 жас отбасы баспаналы болады

Көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы Нұрсая ықшам ауданында жүргізілуде, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі. Атырау облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Роллан Құспанның айтуынша, аталған басқарма жастармен тығыз байланыста жұмыс істеп келеді. Яғни, жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау білдіріп, жұмысқа орналасу мен тұрғын үй мәселелері бойынша да көмек көрсетуде.
Студенттерге қоғамдық көлікте жүруге 50 пайыз жеңілдік берілді, бұған жергілікті бюджеттен 313,6 млн.теңге бөлінді. Сондай-ақ, биыл жазда «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 2 мың студент қамтылады, оларға 61 мың теңге көлемінде айлық төленеді деп жоспарлануда. Айта кету керек, алдағы шілде айында жас отбасыларға «Жас Отау» бағдарламасы бойынша 100 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі.
 
16.05.2018

Возврат к списку