Жаңалықтар
Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының жұмысымен танысты

2018 жылғы 9 ақпанда Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының қызметкерлерімен кездесіп, орталықтың жұмысымен танысты. Кездесуге Дін істері комитеті төрағасы Еркін Оңғарбаев, Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы директоры Айдар Әбуов, «Ақниет» қоғамдық қорының директоры Әлім Шәуметов, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының директоры Нұрлан Өтешов және орталық қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында вице-министр жастар арасындағы діндарлықтың өсуін, ақпараттық кеңістіктің жас адамдардың санасына әсерін ерекше атап өтіп, мемлекеттік жастар саясатының салаларын жетілдіру бойынша жүйелі шараларды іске асыру қажеттігін ескертті. Өз кезегінде «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Талғат Қалиев Орталық қызметінің басты бағыттарымен және атқарылып отырған жұмыстарымен таныстырды. Сонымен қатар, кездесу барысында бірлесе әзірленетін маңызды стратегиялық жоспарлар мен биылғы маңызды жобалар талқыланды.
11.05.2018

Возврат к списку