Жаңалықтар
Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Жастар саясаты департаменті директоры тағайындалды

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Жастар саясаты департаментінің директоры болып Оралов Асхат Раздықұлы  тағайындалды.
Асхат Оралов 1990 жылдың 10 ақпанында Павлодар облысының Ақсу қаласында дүниеге келген.
«Аударма ісі» мамандығы бойынша жоғары білімі бар және «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша магистрлік және PhD докторлық  дәрежесіне ие.
2010 жылдың ақпан айынан бастап 2014 жылдың сәуіріне дейін – Астана қалалық «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатының хатшылығында басшылық лауазымдарды атқарған.
2011 жылдың желтоқсаны мен 2012 жылдың қыркүйегі аралығында Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің әлеуметтік-тәрбие жөніндегі департаментінде бас маман, 2013 жылдың маусымы және 2014 жылдың сәуір айы аралығында  Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің ұйымдастырушылық жұмыс жөніндегі бөлімінде бас маман болып қызмет атқарған.
Ал, 2014 жылдың мамыр айынан 2016 жылдың желтоқсанына дейін Астана қалалық «Нұр Отан» партиясының «Нұр» филиалы төрағасының бірінші орынбасары болған.
2016 жылдың наурыз айында Астана қалалық мәслихатының VI шақырылым депутаты болып сайланады.
Асхат Раздықұлы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жастар саясаты департаменті директоры лауазымына тағайындалғанға дейін Астана қаласы әкімдігінің Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы болып қызмет етті.

04.05.2018

Возврат к списку