Жаңалықтар
Ұлы дала елінің ұлық мерекесі

Ұлы дала елінің ұлық мерекесі

Ұлы дала елінің ұлық мерекесі

Ұлы дала елінің ұлық мерекесі

Уақыт қарқыны зымыран...Байтақ еліміздің тәуелсіздігіне 26 жыл толды. 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасы» деп аталған егемен елдің жаңа дәуірі басталған. Ата-бабамыз аңсап келген заманды біз бастан өткердік. 550 жылдық тарихы бар ұлы дала перзенттері дәл осы күні өз елінің ұлық мерекесін ерекше атап өтіп, бейбіт заманның арайлы таңын аңсаған батырларын құрметпен еске алады. Осы ширек ғасырда мемлекетіміз талай асуларды бағындырып, қыран құстай қалықтап қоғамның әр түрлі салаларында биіктерден көрінуде.
Қазақстанның экономикалық, саяси, ғылыми, әлеуметтік тұрғыдан дамуы, озық елдердің қатарына қосылуы Елбасының салиқалы саясатының нәтижесі.  Әлеуметтік тұрғыдан қарасақ, халықтың саны бүгінде 18 млн асты, бала туу көрсеткіші  бір жарым есе өсіп, орташа өмір сүру жасы 72,5 жасты құрады. Жас отбасыларға, зейнет жасындағы қарттарға, көмекке зәру жандарға мемлекеттің бюджеттен жәрдемақылар төленеді, баспаналар қамтамасыз етіледі. Сандық деректерге назар салсақ, бүгінде республикамызда 1,1 млн отбасы тегін баспанамен қамтылған.
Нарықтық экономиканың дамуы елімізде кәсіпкерліктің дамуына тікелей әсер етті. Тарихымызда бұрын соңды болмаған кәсіпкерлер альянстары қалыптасты. Қазіргі таңда мемлекеттің кірістің төрттен бірін кәсіпкерлер шоғыры қамтамасыз етеді. Қазақстанда шағын, орта кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған бағдарламалар өз жұмысын тиімді жүргізуінің нәтижесінде 1,2 миллионнан астам қазақстандық азаматтар өзінің жеке кәсібін жүргізіп келеді.
Ғылым, білім саласында да республикамыз үлкен жетістіктерге қол жеткізіп отыр. Елбасы бастамасымен 1993 жылы қолға алынған «Болашақ» бағдарламасы бойынша 12 мыңға жуық ынталы жастар әлемнің ең үздік жоғары оқу орындарында білім алып, бүгінде ел игілігі үшін аянбай қызмет етуде.
Халықаралық аренада өз орнын белгілеген Қазақстан елордасының төрінде ЭКСПО көрмесі өткізілді. Сондай-ақ,  биыл еліміз дүниежүзілік Универсиаданы, Шанхай ынтымақтастық ұйымының тарихи саммитін, Ислам ынтымақтастығы ұйымының Ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитін, Сириядағы жағдайды бейбіт реттеуге арналған келіссөздерді ойдағыдай өткізді.
Міне, осы жетістіктің барлығы еліміздің тұрақты экономикасы мен саясатының, халықтың мызғымас бірлігі мен талмай жүргізген еңбегінің нәтижесі. «Мәңгілік Ел» болу жолында мемлекеттігіміз баянды, тәуелсіздігіміздің тұғыры берік болсын.

04.05.2018

Возврат к списку