Жаңалықтар
Армениядағы жастармен жұмыс жасайтын мамандарды даярлау

Армениядағы жастармен жұмыс жасайтын мамандарды даярлау

Армениядағы жастармен жұмыс жасайтын мамандарды даярлау

Армениядағы жастармен жұмыс жасайтын мамандарды даярлау

16-17 желтоқсанда «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының жетекші сарапшысы Айдар Хамит арнайы шақыртумен Армения Республикасына барды. «Армения Республикасындағы жастар мен үкіметтік емес ұйымдарды әдістемелік қолдау» бағдарламасының аясында Арменияның Жастар ісі және спорт министрлігі Армения, Қазақстан, Белорусь елдерінлегі жастар институттарының тәжірибелері ұсынылды.
Форумда Беларусь жастар одағының өкілдері де қатысты. Форумның ашылуында сөз сөйлеген Жастар ісі орталығының директоры Давид Айрапетян  Армения жастарының оқытылуы мен жұмыспен қамтылу жөнінен институттың жұмысын баяндап өтті. Давид Айрапетянның сөзінен жастармен жұмыс жасау идеялары 2013-2014 жылдары пайда болып, 2015 жылы қолға алынды.
Жас жұмыскерлерді оқыту бағдарламаларының маңыздылығы соншалықты, 2016 жылғы нәтиже бойынша әрі қарай жемісті әрекеттерді қажет етті. Сонымен 2017 жылы бағдарлама өз жобаларын жалғыстыра келе, алдыңғы топтан шыққандар үлгі  ретінде өз тәжірибелерімен бөлісе бастады.Форум кезінде А.Хамит Eritasard.am. армян онлайн баспасына сұқбат берді. 
А.Хамиттің пікірінше, армян жастарымен пікір-алмасу ерекше әсер қалдырды. Олардың жұмыс істеу барысы көңіл аударарлық. «Арменияға сапарым барысында, болашақ жобалар жөнінде мазмұнды әңгіме өрбітеміз деген ойдамын. Біз ТМД елдерінің барлығымен тығыз әріптестіктеміз, Армения да осы қатарда. Қазақстанға да сарапшы мамандарды шақырып, тәжірибелерімен бөлісеміз. Жалпы этникалық байланыстар біз үшін керек. Армениямен бірігіп жұмыс істеу бізді қызықтырады, бұл – керемет мемлекет. Пайымдауымша, сіздерде мықты кәсіби мамандар бар, бұл жастармен жұмыс барысында маңызды».
Сонымен қатар, Беларусь елінен келген сарапшы маман Екатерина Савченко өз пікірімен бөлісті. Ол Армения мен Беларусь елінің жастармен жұмыс тәжірибелерін салыстыра келе, «Осы жерге қатыса отырып, екі елдің арасындағы жастармен саясаттың біркелілігін байқадым, алайда кейбір ерекшеліктер де жоқ емес. Бізді бәрімізді бір ғана жастардың болашағы идеясы біріктіреді. Осы идеяларды жүзеге асыру қажетті ресурстарды керек етеді. Сөзсіз, армян мен белорус жастары үлкен потенциалдарға ие, сондықтан да олар саяси, мәдени, экономикалық және т.б. салаларда қызмет атқара алады. Бізге көптеген жобалардың тізбегі ұнайды, әсіресе «жүз идеялар» мықты жобасы. Бұл жастардың қоғамдағы өз орындарын табуларына көп септігін тигізеді. Беларусь қызықты жастардың жобаларына әрқашан ашықтығын көрсетеді». 
Іс-шараның сілтемесі: www.erit.am

04.05.2018

Возврат к списку