Жаңалықтар
«Пушкин Stand-up» спектаклінің қайырымдылық көрсетілімі

«Пушкин Stand-up» спектаклінің қайырымдылық көрсетілімі

«Пушкин Stand-up» спектаклінің қайырымдылық көрсетілімі

«Пушкин Stand-up» спектаклінің қайырымдылық көрсетілімі

7 желтоқсан күні Алматы қаласының Аула клубтары мен «Бағанашыл» балалар үйінің жасөспірімдеріне арналып, «Артишок» театрының негізін қалаушы Вероника Насальскаяның орындауындағы «Пушкин Stand-up» спектаклінің қайырымдылық көрсетілімі ұйымдастырылды. Аталмыш іс-шара Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының қолдауымен өткізілді, ал биыл өзінің Қазақстан нарығындағы 25-ші жылын тойлап жатқан Lufthansa авиакомпаниясы, мерекелік іс-шараның басты демеушісі болды.

Көрсетілімге, 120-дан астам бала, қаланың барлық аймағынан ұйымдастырушылармен ұсынылған автобустарымен келген болатын. Көпфункциялы «Almaty towers» кешенінің «Smart.Point» коворкинг орталығында, келген қонақтарды тәттілер, сусындар, бәліштер мен мерекелік кәдесыйлардан құралған алғашқы тосын сый күтті.

Осылай әдемі басталып кеткен іс-шара, балалардың жиналуына басты себеп болған Вероника Насальскаяның «Пушкин Stand-up» атты спектакіліне көшті.

Жас көрермендердің назарына, «Евгений Онегин» классикалық хикаясы , стендап-шоу стилінде ұсынылды. Айта кетсек, Stand-up бұл, әртістің залмен өзекті мәселелер туралы замануи және өткір тіл негізінде әңгімелесу түрінде өтетін театрлық қойылым стилі.

 

04.05.2018

Возврат к списку