Жаңалықтар
Тұңғыш президент күніне арналған мерекелік концерт

Тұңғыш президент күніне арналған мерекелік концерт

Тұңғыш президент күніне арналған мерекелік концерт

Тұңғыш президент күніне арналған мерекелік концерт

24 қараша күні «Сарыарқа» кинотеатрының жанындағы алаңда, Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының Демалыс орталықтарының (Аула клубтарының), Тұңғыш Президент күніне арналған үлкен мерекелік концерті өтті. Аула клубтарының тәрбиеленушілері болып келетін дарынды жас әртістер, шығармашылық ұжымдар, бишілер, музыкалық топтар және кішкентай жұлдыздар осы мерекелік күнге арнап, әсерлі билерді, шын жүректен шыққан, толғандыратын әндер мен көрнекті концерттік номерлерді орындады.

Бұл концерт, жас ұрпақтың біздің Президентіміз - Нұрсұлтан Әбішұлына, гүлдеп, дамып келе жатқан еліміз үшін өзіндік бір алғыстары мен махаббатарының көрінісі болды. Сонымен қатар, қызықты да әсерлі концерттен бөлек, іс-шара қатысушылары, Аула клубтарының тәрбиеленушілерінің Көрмесінде ұсынылған қолөнер шығармашылығы, көркемөнер шығармашылығы туындыларын тамашалады. Оған қоса барлық көрермендердің назарына Елбасының әр түрлі жылдардағы жастармен бірге сақталған фотосуреттер инсталляциясы ұсынылды, Қазақстан жазушылар Одағы кітапханасының күшіменН.Ә.Назарбаев туралы «менің Президентім» атты кітаптар көрмесі де ұйымдастырылды.

Барлық қалаушы жандар бұл мерекеге қатыса алу үшін, концерт таңғы 10.00-де басталып, сағат 15.00-ге дейін ашық аспан астында өтті.Ұйымдастырушылар, Алматы қаласының барлық тұрғындарын іс-шараға қатысып, әртістермен бірге мерекелік көңіл-күйді бөлісуге шақырды.

04.05.2018

Возврат к списку