Жаңалықтар
«Болашақ бірлікте!» жастар форумы

«Болашақ бірлікте!» жастар форумы

«Болашақ бірлікте!» жастар форумы

«Болашақ бірлікте!» жастар форумы

2017 жылдың 28 қарашасында Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының, Алматы қаласы Кәсіподақтар орталығы мен «Келешек» Жастар кеңесінің ұйымдастыруымен, «Depo Evolution Park»  жастар «Loft» орталығында «Болашаққа бірге!» атты жастар форумы өтті.

Бұл форум Қазақстан Республикасының кәсіподақтарының жастар саясатын іске асыру, еңбек нарығына қол жетімділік пен лайықты жұмыс орны мен лайықты жалақыны иелену, жастарды кәсіподақ қозғалысына қатыстыру мәсселелерін талқылау, жастар саясаты мәселелері бойынша кәсіподақтар арасында тәжірибе алмасу мен мемлекеттік, атқарушы және мемлекеттік емес органдардардың жастар проблемаларына назарын аударту мақсаттарымен ұйымдастырылуда.

Дөңгелек үстел ретінде өткен форумның басты ұйымдастырушылары мен модераторы, Тажибекова Жұмагүл Қуатбекқызы бастаған «Алматы қаласы Кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі болды.

Форумға Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы – Бескемпіров Шыңғыс Жұмағалиұлы, Алматы қаласы Халықты жұмыспен қамту орталығының өкілі - Жекетаев К.А., «Атамекен» ҚР ҰКП өкілі - Естаев Ж.М., Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры – Ауганбаева А. Қ., сонымен қатар «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС, «КазПрофТранс» ҚМ,  «КТЖ» АҚ ҰК,  «Petro Kazakhstan» Компаниясы, Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы,  «Профцентр» ЖШС,  «Silk tour» Туристтік компаниясы, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы сияқты әр түрлі мекемелердің жастар кеңестері мен жастар кәсіподақтарының 50-ден астам өкілдері  қатысты.

Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы – Бескемпіров Шыңғыс Жұмағалиұлы, форум қатысушыларына «Алматы қаласының жастарын қолдау бойынша Жол картасы-2020» бағдарламасына қатысты ақпаратпен бөлісті, бұл бағдарламаның беретін мүмкіндіктері туралы, нақты «Алматы қаласының жасатарына несие беру бағдарламасы туралы» айтып берді.

Алматы қаласы Халықты жұмыспен қамту орталығының, кәсіби бағдар беру бөлімінің басшысы - Жекетаев К.А., қатысушыларға жастарға арналған мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламалары туралы, олардың тиімділігі, жұмыссыздар үшін ұйымдастырылып жатқан түрлі курстар туралы айтып берді, қозғалған тақырыптардың ішінде «Жастар тәжірибесі» атты бағдарлама жиналғандардың  арасында аса көп қызығушылыққа ие болды.

 Арнайы баяндамасымен келген «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының маманы - Естаев Жанат Молдағұлұлы, «Атамекен» ҚР ҰК халыққа көрсететін қызметтері туралы, әр түрлі жастағы халыққа арналған қысқа мерзімді курстар туралы айтып берді.   

Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры – Ауганбаева Алма Құрманқызы, жиналған қауымға Жастар ресурстық орталығы мен Аула клубтарының (Демалыс орталықтарының) қызметі туралы,  «Depo Evolution Park»  жастар «Loft» орталығының  жұмысы туралы, оған қоса Жастар ресурстық орталығымен іске асырып жатқан жобалары мен өткізіп жатқан іс-шаралары туралы айтып берді.

Сонымен қатар, форумның барлық қатысушыларының да өзінің баяндамасымен сөз сөйлеуге, өз жеке пікірін білдіруге мүмкіндіктері болды. Көптеген қатысушылар,  өздерінің жұмыс істеп жатқан мекемелері туралы, мекемелерінде жұмыс істеп жатқан кәсіподақтар туралы, жастарға қолдау көрсету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы, одан бөлек қолжетімді тұрғын-үй, тіркеуге тұру және жұмысшы жастардың бос уақын өткізу мәселелерін де көтерді.

Одан басқа, форум кезінде, жастардың арасында белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, жастарды кәсіподақ қозғалысына қатыстыру, еңбек пен әлеуметтік-экономикалық саланың қорғалуын қаматамасыз ету және кәсіби шеберлікті нығайту мәселелері кеңінен талқыланды. 

Форумның қорытындылары бойынша, барлық қатысушылар, резолюцияға қол қою шешіміне келді.

 

04.05.2018

Возврат к списку