Жаңалықтар
«Қазақстан жастары – 2017» Ұлттық баяндамасы - жастар тұғыры!

«Қазақстан жастары – 2017» Ұлттық баяндамасы - жастар тұғыры!

«Қазақстан жастары – 2017» Ұлттық баяндамасы - жастар тұғыры!

«Қазақстан жастары – 2017» Ұлттық баяндамасы - жастар тұғыры!

Бүгін Астанада көптен бері үкілеп күткен жастардың нақты ғылыми негізделген жүйелі бағдарламасына қатысты «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығында мемлекеттік жастар саясаты мектебінің нәтижесі бойынша  «Қазақстан жастары – 2017» Ұлттық баяндамасының тұсаукесері өтті.

Аталған іс-шараға ел қалаулылары, мемлекеттік ұйымдардың, елшіліктердің, Білім және ғылым министрлігі мен Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты, республикалық жастар ұйымдары, мемлекеттік жастар саясаты саласындағы сарапшылары, жергілікті басқарма басшысы мен мамандары, сондай-ақ жастар ресурстық орталықтары мен жастардың өзін-өзі басқару мекемелерінің құзырлы өкілдері келіп қатысты.

Жалпы бұл қандай құжат? деген заңды сауалдың негізінде әңгімемізді нақтыласақ.

Ұлттық баяндама еліміздің мемлекеттік жастар саясатының күйі және жастардың жағдайын талдауға арналған құжат. Мұнда әлеуметтанулық зерттеулер, мемлекеттік ұйымдардың ресми статистикалық және өзге мәліметтері негізінде қазақстандық жастардың әлеуметтік-демографиялық бейнесі көрсетілген, сонымен қатар білім және ғылым, жұмыссыздық пен кәсіпкерлік, құқық, денсаулық, бос уақыт және қоғамдық-саяси белсенділігі салаларында жастардың 

Десек те, егер заңдық негіздемесіне тоқталсақ, 2015 жылғы 9 ақпанның № 285-V «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, «Қазақстан жастары» Ұлттық баяндамасы – мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруды талдауға және оның дамуына арналған ұсыныстарын қамтитын жылдық есебі іспеттес маңызды топтама.

Соңғы жылдары биліктің негізгі басымдақтарында жастар мәселесі күнтәртібіндегі әлеуеттілігі ауадай бағытқа айналғалы біршама мардымды қадамдар жасалуда. Соның ішінде, әсіресе мемлекеттік жастар саясаты мектебінің жұмысы - жастармен жұмыс жасайтын мамандардың біліктілігін дамытуға және олардың «Қазақстан 2020: болашаққа жол» атты 2020 жылға дейінгі «Мемлекеттік жастар саясаты» тұжырымдамасын жүзеге асыруда арнайы іс-шаралар жоспары бекітіліп, мемлекеттік жастар саясатын тиімді жүзеге асыруға арналған кәсіптік құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған салмақты әрі сарабдал қадамдары негізделуде.

Әрине, бүгінгі іс-шараның мақсатында да, мемлекеттік жастар саясаты институттары өкілдерін шақыра отырып, жастармен жұмыс жасайтын мамандармен тәжірибе алмасу сияқты маңызды мәселелерді талдау үшін арнайы сұхбат алаңын құру әрекеттері қолға алынды.

Баяндаманың тұсаукесерін талдаудан басталған жиын өз межесіне жетті деп есептейік, себебі, жастардың толағай жетістіктері, оларға қатысты сауатты ғылыми негізделген, әлеуметтік зерттелген осындай маңызды құжаттардан басталады. Қағазға жазылған қадамдар осылайша қоғамда іс-жүзінде жүзеге асырылатыны мәлім.

04.05.2018

Возврат к списку