Жаңалықтар
ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫ – 2017 Ұлттық баяндаманың тұсаукесері

ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫ – 2017 Ұлттық баяндаманың тұсаукесері

ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫ – 2017 Ұлттық баяндаманың тұсаукесері

ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫ – 2017 Ұлттық баяндаманың тұсаукесері

2017 жылы 29 қарашада сағат 10:00-де «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығында Мемлекеттік жастар саясаты мектебінің нәтижесі бойынша қорытынды сұхбат алаңы шеңберінде «Қазақстан жастары – 2017» Ұлттық баяндамасының тұсаукесері өтеді.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламент депутаттары, мемлекеттік ұйымдардың, елшіліктердің, Білім және ғылым министрлігі, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі өкілдері, «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты, республикалық жастар ұйымдары, мемлекеттік жастар саясаты саласындағы сарапшылары, Астана қаласы бойынша жастар саясаты мәселесі жөніндегі басқарма басшысы мен мамандары, сондай-ақ жастар ресурстық орталықтары мен жастардың өзін-өзі басқару мекемелері қатысады.

Ұлттық баяндама Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатының күйі және жастардың жағдайын талдауға арналған. Баяндамада әлеуметтанулық зерттеулер, мемлекеттік ұйымдардың ресми статистикалық және өзге мәліметтері негізінде қазақстандық жастардың әлеуметтік-демографиялық бейнесі көрсетілген; білім және ғылым, жұмыссыздық пен кәсіпкерлік, құқық, денсаулық, бос уақыт және қоғамдық-саяси белсенділігі салаларында жастардың жағдайына тереңдетілген талдау жасалған.

2015 жылғы 9 ақпанның № 285-V «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, «Қазақстан жастары» Ұлттық баяндамасы – мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруды талдауға және оның дамуына арналған ұсыныстарын қамтитын жылдық есеп.

Мемлекеттік жастар саясаты мектебінің жұмысы жастармен жұмыс жасайтын мамандардың біліктілігін дамытуға және олардың «Қазақстан 2020: болашаққа жол» атты 2020 жылға дейінгі Мемлекеттік жастар саясаты концепциясын жүзеге асыру бойынша Іс-шаралар жоспары шеңберінде мемлекеттік жастар саясатын тиімді жүзеге асыруға арналған кәсіптік құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған.

Іс-шара мемлекеттік жастар саясаты институттары өкілдерінің құзыреттілігін дамыту, сонымен қатар оны шешуге бағытталған ұсыныстарды әзірлеу және жастармен жұмыс жасайтын мамандардың тәжірибе алмасу сияқты маңызды мәселелерді талдау үшін мемлекеттік жастар саясаты мен білім беру сарапшылары арасындағы сұхбат алаңын құру мақсатында өткізіледі.

Бұқаралық ақпарат құралдарының тіркелу бойынша:

Тел.: +7 7172 76-93-49

e-mail: info@elzhastary.kz

Тіркеу 28.11.17 ж-ға дейін жүргізіледі.

Мекен-жайымыз: Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 41,

«SILK WAY center» БО, 6 қабат

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы

04.05.2018

Возврат к списку