Жаңалықтар

AKMOLA POWER - 2017

AKMOLA POWER - 2017

AKMOLA POWER - 2017

ХХІ ғасырда ғылым мен техниканың жедел дамып, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген сайын ақыл – ой мүмкіндігі қалыптасып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің ғана міндеті емес, сонымен қатар елім деп соққан жүрегі бар жастар орталықтарының да міндетіне жатады. Осыған орай Ақмола облысының жастар саясаты басқармасы, Ақмола облысының жастар ресурстық орталығы және «Kazakhstan Innovations» қоғамы бірлесе отырып, елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласымен ұштастыра отырып, қоғамдық бастамаларды дамытуға бағытталған, жастар, студенттер және жас кәсіпкерлер арасында облыстық «AKMOLA POWER - 2017» инновациялық жобалар көрмесін биылғы жылы төртінші рет өткізіп отыр. Биыл «AKMOLA POWER» көрмесіне алдыңғы жылға қарағанда екі есе артық жас зерттеушілер қатысып отыр. Көрмеге мектептің жоғарғы сынып, колледж, университет студенттерімен қатар жас зерттеушілер де белсене қатысып, белгіленген төрт сала, яғни энергетика саласындағы инновация, ақпараттық – технологиялар инновациясы, ауылшаруашылық саласындағы бастама және экология мен табиғатты пайдалану саласындағы бастамалар бойынша жобаларын әкеліп, көрермен алдында қорғады. Көрмені өткізудің негізгі мақсаты - жастардың шығармашылық білімі мен қоғамдық бастамаларын дамыту мен қолдау, тұлға ретінде жан-жақты дамуы, ғылыми жұмыс пен зерттеушілік жобаларға қатысуға ынталандыру, мемлекеттің күшейтілген өнеркәсіптік-инновациялық дамуы бойынша, мемлекеттік саясаттың басымдылығын жүзеге асыру мақсатында, экономиканың әр түрлі салаларында инновациялық технологияларды әзірлеу мен енгізу.

 

Жалпы көрмеге іріктеу сатысында жетпіске жуық жұмыс ұсынылса, іріктеу сатысынан қырыққа жуық жұмыс өтіп, финалға жетті. Әрбір жоба басқасына ұқсамай ерекшеленді. Іс – шараға арнайы шақырылған қонақтар Ақмола облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының  басшысы Галлямов Р.Ф., Ақмола облысы жастар ресурстық орталығының басшысы Ысқақов Т.М., Ақмола облысының «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының директоры Султанов Қ.А., Ақмола облысының «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры»АҚ директоры Абишева С.К., Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының директоры Жақсылықов Е.Ж., «Гормолзавод» ЖШС директоры Жақсылықов А.Д., «Kazakhstan Innovations» ҚҚ  төрайымы Абишева М.С., «Тыныс» АҚ бас директоры Қалманбаев К.Ж., «ҰК «ӘКК» Есіл» басқарма төрағасы Ескендиров К.С., Ақмола облысының кәсіпкерлер қайымдастығының төрағасы Кенжебаев А.А. қатысып, жас зерттеушілрдің еңбектерін бағалады. Әрине жұмыстарды бағалау оңайға түскен жоқ. Әрбір жұмыс елімізді дамытып, дамыған отыз елдің қатарына қосылу үшін бір қадам болса да өз үлесін қосуы мүмкін. Бірақ әділді де, байсалды әділ – қазыларымыз әрбір сала бойынша, яғни, энергетика  саласындағы инновация бойынша жүлделі үшінші орынды Щучинск қаласының жоғары колледжінің студенттері – Кочеров Семен, Льготин Александр берсе, екінші орынды Көкшетау қаласының Назарбаев интелектуалды мектебінің оқушысы Еркін Нұрдана, ал жүлделі бірінші орынды А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенттері Қуанышев Алтынбек және Айдарханова Мөлдірге табыстады. Ақпараттық  - технологиялар инновация номинациясында үшінші орынға А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенттері Оразов Амангелды, Оразов Онасын иеленсе, екінші орынға А. Мырзахметов атындағы университетінің студенті Саулиди Виталий, ал бірінші орын Көкшетау техникалық институтының курсанты Серік Әділетке бұйырды. Ал ауылшаруашылық саласындағы басатамалар бойынша орындар келесіндей белгіленді: ІІІ орын – Шоқан Уәлиханов атындағы КМУ студенті Мусин Дәулет, Кенжебеков Ерлан, Темірбеков Олжас және Жангужина Камила иеленсе, екінші орынды Сыздыкова Динара, ал бірінші орынға Голубцова Регина ие болды. Соңғы сала экология мен табиғатты пайдалану бастамалары бойынша үшінші орынға А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенті  Пираева Милана, ал екінші орынға Көкшетау қаласының Назарбаев интелектуалды мектебінің оқушысы Калиева Анель иеленсе, жүлделі бірінші орынға А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенті Байжолов Асет иеленді. Жүлделі орындарға ие болғандар ноутбуктер және смартфон сияқты бағалы сыйлықтармен марапатталды. Кеш барысында ұйымдастырушылар мен арнайы шақырылған қонақтар болашақта жүлделі орынға ие болған және де еліміздің дамуына өз үлесін қосатын жұмыстарды дамыту үшін қаржылай және басқа да көмек беретіндерін айтты.

04.05.2018

Возврат к списку