Бейне | ELJASTARY

Бейне

"Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы



"Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы, бұл - мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудағы басты инструмент. Орталық терең білім, жаңа идеялар, заманауи форматтар мен креативті технологиялар ошағына айналды. "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығына 5 жыл! Жастар арасындағы діни ахуал, олардың құндылықтары мен мақсаттары, волонтерлік қызметке көзқарасы, жастардың әлеуметтік жағдайы, оның ішінде ауыл мен моноқалалардың жастары, әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топқа жататын жастарды бақылауға бағытталған 20-дан астам кешенді әлеуметтік зерттеулер ұйымдастырылды. Орталық жанында жастар саясаты мектебі қызмет етеді. Мектеп жастармен жұмыс істейтін мамандарды оқытудың заманауи тәсілдерін ұсынады. Орталық 40-тан астам семинар-тренингтар, сондай-ақ диалог алаңдары мен жазғы лагерлер ұйымдастырған. Осы орайда, жастармен жұмыс істейтін 3000 астам маман, жастар ұйымдарының және жергілікті атқарушы органдарының өкілдері білім алды. 

10.05.2018
1349

Тізімге оралу