Бейне | ELJASTARY

Бейне



Сұлтанбек Қожанов - мемлекет және қоғам қайраткері, ұстаз, ғалым, публицист. Ташкент мұғалімдер семинариясын тәмәмдап, Мәскеуде оқыған. Сұлтанбек Қожанов Алаш идеясын іске асыруға белсене араласты. Оқу-ағарту саласында білім беруді жергілікті ұлт тілінде жүргізу мәселесін көтеріп, оны жүзеге асыруды талап етті. Ел астанасын Орынбордан қалың қазақтың ортасы Қызылордаға көшіруді қолдады. Қазақ жерінің тұтастығын сақтап қалуда аянбай күресіп, патшалық дәуірден қырғыз аталып келген ұлттың тарихи атауын қайтарды. Сұлтанбек Қожанов негізгі міндеттерін ғылыми-шығармашылық жұмыстармен ұштастырып отырды. 1924 жылы мектепке арналған "Есептану құралы" атты оқулығы шықты. 
1937 жылы Ташкентте тұтқындалып, саяси құрғын-сүргін құрбаны болды. 

28.04.2018
1782

Тізімге оралу