Бейне | ELJASTARY

Бейне



Алаштың арыстай азаматтарына қарсы ұйымдастырылған ОГПУ мен КХВД репрессиясы екі кезеңнен тұрады. Бұл қуғын-сүргіннің ақыры соттап, жер аударудан бөлек, жаппай атуға ұласты. 
1928-1932 жылдардағы қудалау барысында 47 адам тергеліп, 1930 жылғы 4 сәуірдегі сот үкімімен 35 адамға түрлі жаза қолданған. Ахмет Байтұрсынов бастаған 10 адам атуға бұйырылып, кейін үкім бойынша 10 жылдық түрмеге ауыстырылған. Жазушы Жүсіпбек Аймауытов осы кезде атылған. Мұхамеджан Тынышбаев, Халел Досмұхамедов, Жаһанша Досмұхамедов бастаған ұлт қайраткерлері 1932 жылы екінші сот үкімімен 5 жылдық мерзімге Воронежге еріксіз айдалды. 1921-1954 жылдары Қазақстанда 100 мыңнан аса адам репрессияға ұшырап, 25 мыңнан аса адам ату жазасына кесілген. 

28.04.2018
1735

Тізімге оралу