Бейне | ELJASTARY

Бейне

Қазақстандағы жастарға кәсіби бағдар беру мәселесі



"Қазіргі таңда болашақ мамандықты таңдау мәселелері өте өзекті болып отыр. Ал оның өзектілігі еңбек нарығында мамандықты таңдау дұрыстығында", - деп өз ойымен филология ғылымдарының кандидаты, "Нұр Бағдар" профессионалды тестілеу және кеңес беру Орталығының әкімшілік директоры Жанар Мамбеева бөлісті. 

Мемлекеттік органдардың, "Нұр Бағдар" профессионалды тестілеу және кеңес беру орталығы, "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы, жастар ресурстық орталықтары мен басқа жастар институттарының бірлескен жұмыстары өзінің нәтижелерін беріп жатыр. Жобаның қатысушылары жастарға талап етілетін мамандықтарды таңдауға, жаңа технологияларды меңгеріп, жаңа салаларға икем болуға кеңес береді, ал ең алдымен таңдалаған мамандықпен таныс болуларын ұсынып жатыр. 

"Біз айналысатын бірінші бағыт - ол кәсіптік бағдар. Біз заводтарға экскурсиялар ұйымдастырамыз, мектеп оқушылары техникалық мамандардың жұмысын толықтай танып, тек содан кейін ғана таңдау жасаулары мақсатында", - "Астана жастары" МБК-нің кәсіби бағдар беру саласындағы жұмыспен қамту басқармасының жетекшісі Айдана Мусатаева өз тәжірибесімен бөлісті.

Алдымыздағы бес жылда республикалық бюджеттен бөлінген қаржыға 214 мың адам қысқа мерзімді курстар өтетін болады. Сонымен қатар, 106,5 мың адам осы уақытта тегін профессионалды-техникалық білім алады. "Жастар тәжірибесі" атты жастарды жұмыспен қамту бағдарламасы да жүзеге асырылуда. Осылайша, мемлекеттік қолдау арқасында жыл басынан жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,2 %-дан 3,8 %-ға азайды. 

10.05.2018
1846

Тізімге оралу