Сұхбаттар
Коливинг – заманауи жаңалық па немесе бұрынғы коммуналдық пәтерлерге оралу ма?

Коливинг – заманауи жаңалық па немесе бұрынғы коммуналдық пәтерлерге оралу ма?

Коливинг – прогрессивный тренд или возврат к коммуналкам?

Коливинг – заманауи жаңалық па немесе бұрынғы коммуналдық пәтерлерге оралу ма?

Қазіргі уақытта жастар арасында бірігіп өмір сүру формалары көп: коворкинг гибриді, жатақхана және бизнес-инкубатор. Бұлардың басты ерекшелігі бір жерде тұрып, жұмыс жасайалатыныныз. Басқа сөзбен айтқанда, креативті адамдардың шоғырлануы еңбекке баулуға жақсы әсер етеді.

Бұл үрдіс әлемде кеңінен тараған. Жақында Астанаға да келіп үлгерді. Елордамызда үш қабатты коттедж кәсіпкерлерді, стартаперлерді, бағдарламашыларды, дизайнерлерді, фрилансерлер мен студенттерді паналады. Алайда, барлығына бірдей қол жетімді бола бермейді. Тамақтанып және ұйықтайтын жерде жұмыс жасау қаншалықты ыңғайлы екен?

- Бастысы, үміткер 18 жастан асқан болуы керек, қайда бара жатқанын және не үшін екенін анық түсінуі керек. Мысалы, біздің тұрғындардың қатарына қосылу үшін жас маман немесе, ең болмағанда, өмірге қатысты идеялары мен жоспарлары болуы керек. тобымызға қабылдау алдында үміткермен сұхбат жүргіземіз, өйткені мұнда біз тек түнеп қана қоймай, өз мақсаттарымызды сіз сияқты ынталы адамдар қауымдастығымен бірге жүзеге асыратынымызды түсіндіреміз », - дейді орталықтың негізін қалаушы Азамат Мұхаметжан.

Коливинг – бұл ұзақ мерзімді жалдамалы, заманауи жөндеумен және жиһазбен толық жабдықталған, тұрғын үй. Ішінде ас бөлмесі, кір жуғыш-үтіктеу бөлмесі, спортзал бар. Оған қоса, ойын және жұмыс алаңымен, бірнеше ванна бөлмесімен қамтамасыз етілген. Мұның бәріне айсайынғы төлемақы 35 мың теңге құрайды. Бағаға коммуналдық қызметтер, консьерж жұмысы, апта сайынғы тазалау, үтіктеу және тамақ дайындау, оқу бөлмесі және проектор кіреді.

- Өткен наурыз айында ойыма идея келді. Неге ортақ мүддесі бар адамдарды бір үйде жинамасқа? Себебі, менің оймша, қоршаған орта адам үшін өте маңызды. Сәтті қоршаған орта сізді алға қарай итермелейді. Бір данышпан айтқандай: «сіздің бес досыңыз болса, сіз олардың орташа құрамдас бөлігсіз». Мысалға, егер сіздің ортаңызда көліктерден доңғалақтарды ұрлау әдеті болса, уақыт өте келе сіз де мұны жасай бастайсыз. Сондықтан, біз адам дамуы үшін қолайлы орта жасаймыз. Жастар экожүйеге кіріп, басқалардың өздеріне мақсат қойып, оларға қол жеткізіп, сол бағытта жұмыс жасайтынын көреді де бірге жақсылыққа ұмтылады.

Мұнда әртүрлі саладағы мамндар тұрады: біреу IT -мен айналысады және Astana Hub-та жұмыс істейді, ал біреуі шығармашылық бағытта. Әрқайсысы бір біріне жаңа нәрсе үйрете алады және қажет болған жағдайда көмекке келеді.

Барлығы 28 орын. Қазір 10 адам тұрады. Коливация жасау үшін Азамат Франциядан Дилан Мейр атты инвесторды арнайы тартты. Дилан Мейра Қазақстан туралы бұрын-соңды естімеген, бірақ біздің елге бір рет келіп, тағы да оралғысы келді. Қазір ол Астанада ағылшын тілі мұғалімі болып жұмыс істейді:

«Мен Парижде бір қазақты кездестірдім, біз жақсы дос болдық». Бірде ол неге Қазақстанға келмеске деп сұрады. Мені қызықтырды, өйткені мен бұл ел туралы мүлдем білмейтін едім. Мен ЭКСПО кезінде келдім, өте ұнады. Бір жылдан кейін мен осында көшіп келуді шештім. Оған қоса менің бір досым танысы инвестор іздеп жүргенін айтты. Мен үшін бұл виза алуға да сылтау болды.

Диланның өзі Францияда дропшипингпен айналысқан - тауарды сатып алушыға тікелей жеткізу, сатушы (делдал) тауарды өз қоймасында сақтамайды немесе мүлдем онсыз жасамайды. «Францияда коливинг арқылы ақша табу қаншалықты танымал?,- деген сұраққа ол үлкен сұранысқа ие емес деп жауап берді.

«Мен олардың Жапония мен Кореяда танымал екенін білемін». Қазақстанда, менің ойымша, өте керек нәрсе, өйткені көптеген жастар баспана іздейді, пәтер ала алмайды. Бұл опция олар үшін өте ыңғайлы. Барлық артықшылықтарға қарамастан, «тәртіп пен жеке кеңістіктің шекаралары қалай сақталады?»,- деген сұрақ туындайды. Коливинг тұрғыны Евгений Выходцев жұмыс істейтін және дамып келе жатқан ақылды адамдардың контингенті толық тыныштық пен жайлылықты қамтамасыз ететініне сенімді:

Мен қазір 30 жастамын. Оқуды бітіргеннен кейін мен Астанада, Америка Құрама Штаттарында және басқа елдерде оқыдым, сол себепті бірге өмір сүрудің түрлі формаларын көрдім. Жатақханада тұруға, ортақ бөлмесі бар пәтерді жалдауға және пәтер алуға тура келді, бірақ менің ойымша, тұрудың ең жақсы түрі – бұл коливингте өмір сүру. Мен қай жерде болсам да, қолайлы өмір сүру көршілерге байланысты екеніне көзім жетті тәуелді болатын. Егер біреу өзін қалай ұстау керектігін білсе, басқасы оны жасамады. Ал коливингті алсақ, бұл жерде тұрақты жұмыспен айналысатын адамдар, көптеген кәсіпкерлер, жоба менеджерлері, ересектер мен саналы адамдар турады. Олардың құндылықтарына сәйкес бәрі бар, мұндай дамып келе жатқан ақылды адамдар азғын өмір сүрмейді және басқа адамдардың жеке кеңістігінің шекараларын бұзбайды. Сондықтан мен осында тұрамын және өзімді үйдегідей жайлы сезінемін.

Әңгімелескен Аида Сыздықова, аударған Мариям Қусаинова
19.03.2019 2278

Возврат к списку