Үйрену
Жастармен жұмыстың халықаралық тәжірибесі тақырыбындағы вебинар

Жастармен жұмыстың халықаралық тәжірибесі тақырыбындағы вебинар

Вебинар на тему «Международный опыт работы с молодежью»

Жастармен жұмыстың халықаралық тәжірибесі тақырыбындағы вебинар

2018 жылдың 23 сәуірінде Мемлекеттік жастар саясаты мектебі аясында «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы «Жастармен жұмыстың халықаралық тәжірибесі» тақырыбы бойынша вебинар өткізді. Вебинардың дәріскері Еуропа кеңесі жастар басқармасының тренерлер пулының тренері, жастар саясаты саласындағы Халықаралық тренерлер гильдиясының мүшесі (International Youth Work Trainers Guild) Юлия Станкевич тартылды. Вебинардың мақсаты – халықаралық тәжірибе мысалында жастармен жұмыс жасау барысында біліктілік деңгейін арттыру. Вебинар барысында дәріскер қатысушыларға жастармен жұмыс жасаудағы халықаралық әдістерді таныстырып, формальды емес білім берудің негізгі түсініктермелері, еуропалық елдер тәжірибесі негізінде жастармен жұмыс жасайтын мамандардың кәсібилік деңгейін арттыру мәселелері талқыланды, сонымен қатар осал топтардағы жастармен жұмыстың халықаралық тәсілдері мен жекелеген интерактивті әдістері туралы ақпараттандырды. Вебинар жұмысына жастар саясаты саласындағы басқармалардың, өңірлер мен Астана, Алматы қалаларының ішкі саясат бөлімдерінің қызметкерлері, сондай-ақ облыстық, қалалық, аудандық жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері қатысты. Вебинарға тіркелген қатысушылар саны 79-ға жетті. Қатысушылардың жалпы саны 100 адамды құрады.
16.12.2018 2071

Тізімге оралу