Үйрену
"Жергілікті деңгейдегі жастар саясатын жүзеге асыруды бағалау және мониторинг жасау" тақырыбына байланысты вебинар

"Жергілікті деңгейдегі жастар саясатын жүзеге асыруды бағалау және мониторинг жасау" тақырыбына байланысты вебинар

Вебинар на тему «Мониторинг и оценка реализации молодежной политики на местном уровне»

"Жергілікті деңгейдегі жастар саясатын жүзеге асыруды бағалау және мониторинг жасау" тақырыбына байланысты вебинар

2018 жылдың 28 ақпанында Мемлекеттік жастар саясаты мектебі аясында «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы «Жергілікті деңгейде жастар саясатын жүзеге асырылуына мониторинг және бағалау жүргізу» тақырыбы бойынша оқыту вебинарын өткізді. Вебинардың мақсаты – жастармен жұмыс істейтін мамандардың мониторинг және бағалау жүргізуде кәсібилік деңгейін көтеру. Вебинар дәріскері – ақпараттық-талдау басқармасының жетекші сарапшысы Айдар Хамит. Іс-шара барысында мемлекеттік жастар саясаты саласындағы жобалардың іске асырылуына мониторинг пен бағалау жүргізу жұмысы талқыланып, ақпарат жинау әдістері мен мониторинг және бағалау жүргізу алгоритмі жайлы сөз қозғалды. Вебинар жұмысына жастар саясаты саласындағы басқармалардың, өңірлер мен Астана, Алматы қалаларының ішкі саясат бөлімдерінің қызметкерлері, сондай-ақ облыстық, қалалық, аудандық жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері қатысты. Вебинарға тіркелген қатысушылар саны 100-ге жетті. Қатысушылардың жалпы саны 150 адамды құрады.
16.12.2018 2078

Тізімге оралу