«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Найла Алтайқызы Мұхтарованың «Әділет», «Ауыл» және «Ақ жол» партиялары жастар қанаттарының өкілдері – Жансая Қуанышбекова, Дәурен Рахымбек және Ханзадилла Насруллаевпен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында мемлекеттік жастар саясатының өзекті мәселелері, қазіргі жастардың сұраныстары мен қажеттіліктері, сондай-ақ алдағы ынтымақтастықтың ықтимал бағыттары талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара іс-қимылды жалғастыруға және бірлескен бастамаларды іске асыру мүмкіндіктерін пысықтауға уағдаласты.

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы жастар ұйымдарымен және сарапшылар қауымдастығымен диалогты дамытып, жастар саясаты саласындағы өзекті мәселелерді талқылау мен жаңа тәсілдерді қалыптастыруға арналған алаңды кеңейтуді жалғастырады.
