Елбасының бес әлеуметтік бастамасы алдағы жылдары жемісін бере бастайды - Сарапшылар

  • 10 мая 05:14
  • 212

 

Елбасының бес әлеуметтік бастамасы алдағы жылдары жемісін бере бастайды. Бүгін «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығында бас қосқан сарапшылар осындай пікір білдірді. Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов бастаған бір топ белсенді әлеуметтік бастаманың басым тұстарына ерекше тоқталды. Үндеудегі негізгі бағыттар бойынша атқарылатын жұмыстың жайы сараланып, жастардың жарқын болашағы үшін көтерілген мәселелер шешімін тапты. 

«Студенттерді толықтай жатақханамен қамтамасыз ету, әсіресе алыс шалғай өңірлерден, ауылдардан келген жастарға үлкен көмек», – деп «Сакралды Қазақстан» ғылыми зерттеу орталығының директоры Берік Әбдіғалиев бастамалаға оңбағасын берді.