Нормативтік-құқықтық актілер
"Қазақстан 2020: болашаққа жол" Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы

"Қазақстан 2020: болашаққа жол" Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы

Концепция государственной молодежной политики Республики Казахстан до 2020 года "Казахстан 2020: путь в будущее"

"Қазақстан 2020: болашаққа жол" Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы

"Қазақстан 2020: болашаққа жол" Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы 2013-2015 жж. және 2015-2020 жж. екі кезеңнен тұрады. Тұжырымдама қазіргі жастардың өзекті мәселелеріне бағытталған.
Қазақстан жастарын әлеуметтендіру мәселелеріндегі қауіптер мен тәуекелдер мемлекеттік жастар саясатының өзекті күн тәртібін қалыптастырады, мемлекеттік органдардың, корпоративтік сектордың және азаматтық қоғам институттарының бәрінің күш-жігері соның айналасына шоғырлануға тиіс.
Тұжырымдаманың мақсаты жастардың ойдағыдай әлеуметтенуіне, олардың әлеуетін елді одан әрі дамытуға бейімдеуге бағытталған мемлекеттік жастар саясатының тиімді моделін қалыптастыру болып табылады.
Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу мынадай міндеттерді іске асыруды болжайды:
1) қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету;
2) салауатты өмір салтын қалыптастыру;
3) құқықтық мәдениетті арттыру және жастар бойында мемлекеттіліктің негіз қалаушы құндылықтарына деген құрмет қалыптастыру;
4) жастарды жұмысқа орналастыру үшін жағдайлар жасау;
5) жастарға арналған қолжетімді тұрғын үй жүйесін дамыту;
6) жастарды мәдени құндылықтарға тарту;
7) жастардың азаматтық және патриоттық сезімдерін өздігінен дамытуын ынталандыру;
8) жастар ортасында моральдық-рухани сабақтастықты қамтамасыз ету;
9) мемлекеттік жастар саясатын ғылыми-зерттеумен қамтамасыз ету және нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру;
10) жастарды "Қазақстан-2050" стратегиясын іске асыруға тарту.

"Қазақстан 2020: болашаққа жол" Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы туралы 2013 жылғы 27 ақпандағы № 191 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.
31.05.2018 2578

Тізімге оралу