Жаңалықтар
Жалпыазаматтық бірегейлік мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті

Жалпыазаматтық бірегейлік мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті

Прошел круглый стол по вопросам общегражданской идентичности

Жалпыазаматтық бірегейлік мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті

2024 жылғы 25 қантарда «Egemen Qazaqstan» газетіндегі Мемлекет басшысының сұхбатын талқылауға арналған «Жалпыазаматтық бірегейліктің факторлары мен компоненттері» тақырыбындағы дөңгелек үстелі өтті.

Іс-шараға «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ Басқарма төрағасы Нұрбек Матжани, «Жастар» ҒЗО директоры Айсұлу Ерниязова, «Қоғамдық келісім» КММ директоры Элина Масагутова, Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина,  Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиев, ҚЭЗИ Этносаралық ахуал мониторингі орталығының директоры Гүлдана Оқасова, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесі мүшелері, сондай-ақ сараптамалық қоғамдастықтың басқа да өкілдері қатысты. Іс-шара модераторы Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының Қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Аяулым Сағынбаева болды.

Сарапшылар бірегейлікті дамытудың теориялық және практикалық аспектілерін талқылады, сондай-ақ Қазақстандағы азаматтық өзін-өзі сәйкестендіру мәселесіндегі заманауи үрдістерге байланысты зерттеулердің нәтижелерімен бөлісті.

Алаң спикерлері өз сөздерінде азаматтардың әлеуметтік-саяси процестерге қатысу дәрежесін арттыру негізінде және қоғамдық бастамаларды кешенді қолдау арқылы жалпыазаматтық бірегейлікті қалыптастыру мәселелерін қозғады. Спикерлер ғылыми-тәжірибелік тәсілдің қажеттілігін ескеріп, аталған жұмыста ғылыми-сараптамалық қоғамдастық пен мемлекеттік органдардың тиімді өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтті.

Қорытындылай келе, спикерлер ғалымдар мен сарапшылардың сәйкестікті дамытудың әдіснамалық негізін дайындаудағы ерекше рөлге ие екенің атап, алдағы бірлескен жұмыстың негізгі векторларын анықтады.

Пікірталасқа қатысушылар этносаясат саласындағы өзекті міндеттерді, оның ішінде Мемлекет басшысы "Egemen Qazaqstan" газетіне берген сұхбатында атаған бағыттар бойынша кешенді талқылауға мүмкіндік бергені үшін Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтына алғыстарын білдірді.

Дереккөз: https://iaer.kz/ru/item/276-prosel-kruglyj-stol-po-voprosam-obsegrazdanskoj-identicnosti


25.01.2024

Возврат к списку