Жаңалықтар
Қазақстандағы жастар денсаулығына қатысты жағдай қандай?

Қазақстандағы жастар денсаулығына қатысты жағдай қандай?

Қазақстандағы жастар денсаулығына қатысты жағдай қандай?

Жастар өмірінің кез келген сферасы мемлекет дамуында айтарлықтай рөл ойнайды. Оның ішінде жастардың денсаулығы, салауатты өмірді ұстануы аса маңызды факторлар болып табылады.

2023 жылғы «Қазақстан жастары» талдамалық баяндамасының нәтижелеріне сүйенсек, сұралғандардың 64,8% өз денсаулық жағдайын жоғары деңгейде бағаласа, 26,5% жақсы, 4,3% қанағаттанарлық деп санайды екен. Ал денсаулығын нашар деп есептейтін жастардың үлес салмағы 3,1% құраған.

Сауалнама нәтижелері жастардың денсаулығына қатысты мынадай негізгі үш мәселені көрсетті. Тізімнің көш басында көру қабілетінің нашарлауына қатысты мәселелер, одан кейін асқазан ішек жолындағы кеселдер, үшінші орында арқа (грыжа, протрузий, бел омыртқа қисаюы) мәселелері тұр.

Салауатты өмір салтын ұстану - денсаулықтың кепілі екені анық. Ендеше жастардың салауатты өмір салтын ұстануына не кедергі екеніне көз жүгіртейік.

Сұралғандардың 38,7% уақыттың жетіспеушілігі мәселесі бар екендігін айтқан. Ал 20,8% шаршау, 17,1% спортпен айналысуға мотивацияның жоқтығы деген.
Қазақстан жастарының денсаулық жағдайының көрінісі осындай.
17.12.2023

Возврат к списку