Жаңалықтар
Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатының элиталық дивизионына жолдама алды

Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатының элиталық дивизионына жолдама алды

Молодежная сборная Казахстана получила путевку в элитный дивизион чемпионата мира

Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатының элиталық дивизионына жолдама алды

Шайбалы хоккейден 20 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан жастар құрамасы бір тур бұрын элиталық дивизионға жолдама алды, деп хабарлайды Kazinform.

Қазақстан құрамасы элиталық дивизионға жалғыз жолдаманы IA дивизионында Франция, Дания, Жапония, Венгрия және Аустрия құрамаларымен сарапқа салған еді.
Төртінші турда қазақстандық хоккейшілер Жапонияны 3:1 есебімен сүріндірді.

Ал Франция Австрияны 7:4 Дания Венгрияны 3:1 есебімен жеңді.
Қазіргі дейін қазақстандық хоккейшілер Венгрия (5:2), Дания (3:2) және Франциядан (4:0) басым түсті.

Төрт турдан кейін 12 ұпай жинаған қазақстандық жастар бір тур бұрын элиталық дивизионға жолдамаға қол жеткізді.

Енді қазақстандық хоккейшілер алдағы ойынын 16 желтоқсанда Австрияға қарсы өткізеді. 
Қазақстандық хоккейшілер әлем чемпионатының бірінші дивизионында алты мәрте ойнады. Төртеуінде жеңімпаз атанып, элиталық дивизионға жолдама алған еді. Қазақстан жастар құрамасы элиталық дивизионда сегіз мәрте бақ сынады. Жоғары жетістігі – 1999 жылы алтыншы орын.

Дереккөз: https://kaz.inform.kz/news/kazakstan-zhastar-kuramasi-alem-chempionatinin-elitalik-divizionina-zhold...

15.12.2023

Возврат к списку