Жаңалықтар
Қостанайда балалар суицидінің алдын алу жұмыстарын арнайы топ қолға алмақ

Қостанай облысында жыл басынан бері 7 балалар суициді орын алды. Өзіне қол жұмсағандардың саны жөнінен Қостанай республикада бірінші орында тұр. Өмірін өз қолымен қиған жеті баланың төртеуінің өліміне жауапсыз махаббат себеп болса, біреуі ата-анасымен жанжалдан кейін осындай қатыгез тірлікке барған. Алтыншы баланың өліміне себепкер болған жағдай әлі тексеріліп жатыр. Ал жетінші оқиға күні кеше ғана, яғни комиссия отырысы болған күні кешке қарай болды. Он бес жасар қыз тоғызыншы қабаттан секіріп кеткен. Облыс өңірінде 2017 жылы 10 жасөспірім өзіне қол жұмсаған. 33 бала да осындай қатерге барғысы келген.
Соңғы екі жылда жасөспірімдер арасында болатын суицид 3 оқиғаға көбейген, өз өмірін қиюға талап жасағандардың саны да бесеуге артқан. 2018 жылы 14 бала суицидке ұмтылған. Соның 9-ы мектеп оқушылары да, бесеуі колледжде оқитын студент.
14.05.2018

Возврат к списку