Жаңалықтар
Наурыз мерекесіне орай, Алматы жастары қала тұрғындарына «Жастар көктемі» атты мерекелік концерт ұйымдастырды

Наурыз – ежелден бері тойланатын, жақсылықтың хабаршысы және жаңа өмірдің бастаушысы саналатын ерекше күн. Оңтүстік астанамызда Наурыз мерекесі дүркіреп өтті. Қаланың әр ауданында концерттік алаңдар орнатылды. Биыл ғана ашылған Панфилов жаяу жүргіншілер көшесінің бойында орналасқан сахналардың бірінде мереке қонақтарын қаламыздың талантты жастары құттықтады. Алматы қаласы жастар саясаты басқармасының қолдауымен, Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры, студенттік және жастар шығармашылық ұжымдарының ұйымдастыруымен өткен мерекелік концерт көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Саханада бұл күні: «Алматы Мюзик» театрал тобы, «Жайдарман» КТК, «Сұңқар» демалыс орталығының шәкірттері, «Өрнек» демалыс орталығының ұжымы, «Музэнерджи» байқауының жеңімпаздары, «Wild Dancing cats» би тобы, «Қазақстан дауысы» жобасының финалисті Бексұлтан Кенішқалиев, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, АЭжБУ, Satpayev University, ҚазМемҚызПУ, Құрманғазы атыфндағы ҚМК-ның студенттік шығармашылық ұжымдары өнер көрсетіп, танымал эстрада әндерін Ринат Уалиев, Ерасыл Қабитқанов, Қуат Қонысбек және басқалары орындады. Жастардың ән және би шашулары бұл мерекеге ерекше сән берді. Наурыз құтты болсын!

11.05.2018

Возврат к списку