Жаңалықтар
«Жастармен жұмысты ұйымдастыру: жоспарлау және мониторинг» тақырыбы бойынша республикалық семинар-тренинг

«Жастармен жұмысты ұйымдастыру: жоспарлау және мониторинг» тақырыбы бойынша республикалық семинар-тренинг

«Жастармен жұмысты ұйымдастыру: жоспарлау және мониторинг» тақырыбы бойынша республикалық семинар-тренинг

«Жастармен жұмысты ұйымдастыру: жоспарлау және мониторинг» тақырыбы бойынша республикалық семинар-тренинг

26-30 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы бастамасымен әзірленген «Жастармен жұмысты ұйымдастыру: жоспарлау және мониторинг» тақырыбы бойынша республикалық семинар-тренингі өткізілуде. 
Семинар-тренингтің мақсаты жастар саясаты саласындағы уәкілетті басқармалар қызметкерлерінің және облыстық маңызы бар қалалар және аудандар әкімдері орынбасарларының жастармен жұмысты жоспарлау, мониторинг және бағалау саласындағы біліктілігін арттыру және жергілікті жерлерде жастармен жұмыс тұрақтылығын арттыру болып табылады. 
Мемлекеттік жастар саясаты мектебі аясындағы семинар-тренинг сертификатталған Ұлттық тренерлер пулының тренерлерін тарту арқылы бейресми білім беру әдістемесі бойынша өтуде. 
Оқудың негізгі әдістері – интерактивті дәрістер, кейстерді шешу, рөлдік ойындар, рефлексия, жағдайды үлгілеу, шағын топтарда жұмыс, брейн-штормдар. 
Семинар-тренинг бағдарламасының негізіне 2015-2017 жылдары Шығыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында сынақтан өткен БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) білім беру бағдарламасының үлгілері алынған. 
Семинарды жастармен жұмыс жасауға арналған Ұлттық тренерлер пулының сертификатталған тренерлері – Файзуллаев Данил, Камбалов Арсен және Узарова Луиза жүргізеді. Сондай-ақ, бөлек модульдерді өткізу үшін қосымша арнайы дәріскерлер шақыртылды. 
Семинар-тренинг нәтижесінде, қатысушылар келесідей дағдыларды меңгереді: 
- жастармен жұмыстың әдістемесін жоспарлау және оған мониторинг пен бағалау жүргізу бойынша теориялық ақпараттың қажетті көлемі мен белгілі тәжірибелік дағдыларын меңгеру; 
- тәжірибелік қызметте алынған ақпаратты дұрыс қолдана алу; 
- жастармен жұмысты жоспарлай алу, бақылау және бағалаудың қажетті құралдарын білу.

11.05.2018

Возврат к списку