Жаңалықтар
«Наурыз Depo» фестивалі өтті

«Наурыз Depo» фестивалі өтті

«Наурыз Depo» фестивалі өтті

«Наурыз Depo» фестивалі өтті

21 наурыз сағат 11.00-де Depo Evolution park аумағында Әз-Наурыз мерекесін тойлау қарсаңында Алматы қаласы жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының ұйымдастыруымен «Наурыз Depo» фестивалі өтті. 
НАУРЫЗ - Ұлыстың ұлы күнi. Бұл күнi күн мен түн теңеледi. Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да түлейдi, жаңарады. Адамзаттың бойында қан жүгiрiп, тал-теректер бүршiк жарады. Қазақтың сайын даласын Қызыр баба кезiп, адам баласына құт-береке, бақ-дәулет сыйлайды. Самарқанның көк тасы ерiп, қасиеттi қара жер, қара топырақ бусанады. Ұлы даланың төсiнде қызғалдақтар құлпыра өсiп, бел-белестерге қызылды-жасылды кiлем төселедi. Ұлан-байтақ Қазақстанның халқы жетi түрлi дәмнен наурыз көже жасап, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды сақтап, ай бойы Ұлыстың Ұлы күнiн тойлайды. Бүкiл Шығыс халқына ортақ бұл мейрамда араздасқандар татуласып, дүйiм халық, мұқым ел ауызбiршiлiкте болады. 

«Наурыз Depo» фестивалі дәстүрлі шашу мен «Ақ Батадан» бастау алды. Қала тұрғындарына еліміздегі танымал күйші композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері, академик Секен Тұрысбеков «Ақ батасын» берді. Концерттік бағдарламаны “Almatymusic” театралды орталығы қойылыммен бастады. Халықтың ыстық ықыласына бөленген "Ақжауын", "Арнау" фольклорлық ансамбльдері мен жас әншілер Қуат Қонысбек, Ерасыл Қабитxанов, Ринат Уалиев, Талап Жұман мерекелік бағдарламаның шырайын келтірді. Фестивалдің негізгі құндылығы Ұлттық нақышта безендірілген Киіз үй болды. 

Сонымен қатар, думанды тойдың сәнін асық ату, арқан тарту, қол күрестiру, тоғыз құмалақ және үстел теннисі сияқты спорттық сайыстар келтірді. Ал 1-қабаттағы коворкинг орталықта ақындар Бүкіләлемдік поэзия күніне арналған конкурсты қорытындылап, жеңімпаздар марапатталды. 

Дәстүр бойынша іс-шарамыздың әр қонағы тегін бауырсақтар мен Наурыз көжеден дәм татты. 


11.05.2018

Возврат к списку