Жаңалықтар
Жастар Қазақстанда қалғысы келеді

Жастар Қазақстанда қалғысы келеді

Жастар Қазақстанда қалғысы келеді

Жастар Қазақстанда қалғысы келеді

Қазақстандық жастардың миграциялық жай-күйі бойынша «Жастар» ҒЗО жасаған әлеуметтік зерттеу нәтижелері елде көші-қон жағдайы бірқалыпты екендігін көрсетті. Респонденттердің 51,3% Қазақстанда қалғысы келсе, қалған 33,8% өз елінде өмір сүре отырып, басқа мемлекетке уақытша барғысы келеді. 
Респонденттердің 42% көшетін мемлекеттегі еңбекпен қамтылу ықтималдығын орташа деп бағалайды, ал әрбір үшінші адам жұмыспен қамтылу мүмкіндігін жоғары деп санайды. 
Сұралғандардың шамамен 90% шет елде екі ай өмір сүрген. Жастардың шет мемлекетке қоныс аударуындағы басты себеп – басқа ұлт өкілдерінің салт-дәстүріне, мәдениетіне қызығушылық, ой-өрісін кеңейту. Сауалнамаға қатысқан жастардың жартысы көшуге кедергі келтіретін негізгі себеп ретінде «қаржылық мүмкіндіктің болмауын» атап көрсетті. 
Қазақстандық жастардың басым бөлігі «Болашақ» бағдарламасы жайлы ғана біледі, ал қалған білім беру бағдарламаларынан бейхабар. 
Жалпы, жастардың шет елде сапалы білім алып, жұмыс жасауында ешқандай қорқыныш жоқ. Қазіргі уақытта бұл жаһанданудың табиғи салдары. Мәселе кең ауқымда таралған жоқ, сондай-ақ зерттеуге сәйкес жас қазақстандықтар өзінің Отанын сүйеді және оған әрдайым қызмет етуге әзір. 
Зерттеудің нәтижесінде, жастарға қатысты басты мәселе қызметке байланысты. Жастардың өмір сүру сапасына әсер ететін факторларға жұмыс өтілінің болмауы, төмен жалақы, жұмыс орнының аздығы жатады. Сол ретте, жастардың кәсіпкерлікке белсенділік таныту деңгейінің төмендігін атап өткен жөн. Мәселен, жиырма адамның біреуі ғана жеке кәсіппен айналысады.

11.05.2018

Возврат к списку