Жаңалықтар
Елбасының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» тақырыбында халыққа үндеуін талқылау бойынша сарапшылар кездесуі өтті

Елбасының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» тақырыбында халыққа үндеуін талқылау бойынша сарапшылар кездесуі өтті

Елбасының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» тақырыбында халыққа үндеуін талқылау бойынша сарапшылар кездесуі өтті

Елбасының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» тақырыбында халыққа үндеуін талқылау бойынша сарапшылар кездесуі өтті

Бүгін ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі бастамасымен «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы негізінде Елбасының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» тақырыбында халыққа үндеуін талқылау бойынша сарапшылар кездесуі өтті. 
Кездесуге ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Нүкенов Абзал Нүкенұлы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Казанцев Павел Олегович, Жастар саясаты департаменті директоры Оралов Асхат Раздықұлы, Рахим Ошақбаев, Берік Әбдіғалиұлы, Ерлан Саиров, Мұхтар Манкеев, Данат Жумин секілді сарапшылар мен қоғамдық пікір көшбасшылары, Қазақстан КТК одағы президенті Есен Елеукен және «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары республикалық штабы жетекшісі Тоқтар Болысов, сондай-ақ «Жастар» ҒЗО қызметкерлері қатысты. 
Іс-шара барысында ұсынылған әлеуметтік бастамалардың іске асырылуы талқыға салынды. 
Вице-министрдің пікірінше, жастар арасында жүргізілетін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына баса назар аударылуы тиіс. 
«Біз ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына республикадағы жастар ресурстық орталықтарының әлеуетін пайдалануымыз қажет. «Жастар» ҒЗО сарапшылармен бірлесе отырып әдістемелік құралдарды әзірлеп, жастар ресурстық орталықтары арасында кең таратуға қауқарлы. Сонымен қатар, жастарды «Нұр Отан» партиясына мониторинг жүргізу жұмысына кең тарту – орындалып жатқан жұмыстардың сапасын арттырады», - деді А.Нүкенов. 
Мәжіліс депутаты Павел Казанцев президенттік бастамалардың жастарға тікелей қатынасын тілге тиек етті. 
«4 бастама тікелей жастарға қатысты. Президент ұсынған бастамалар жас отбасыларға тұрғын үй алуға, жастардың жалақысын көбейтіп, сапалы әрі қолжетімді біліммен қамтамасыз етуге, кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасайды. Біз әрдайым бір толқында болуымыз керек. Ол үшін жастар цифрлық бағдарламаларды игерген білімді болып қалыптасуы тиіс», - деп депутат өз ойын білдірді. 
Кездесу соңында бастамаларды іске асыру тетіктері ұсынылды.

11.05.2018

Возврат к списку