Жаңалықтар

«Ел назы»

«Ел назы»

«Ел назы»

Қазіргі уақытта естуі нашар немесе естімейтін балалар мен жасөспірімдерге қоғам тарапынан көп көңіл бөлінуі керек екендігі бүгінгі кездесуде талқыланды.  Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры Алма Ауғанбаева, белгілі әнші, «Музарт» тобының мүшесі Кенжебек Жанәбілов және ата-аналар мен сурдолог мамандар бас қосқан кездесуде нашар еститін немесе естімейтін балалармен жұмыс жасайтын шығармашылық орталық ашу қажеттілігі ұсынылып, мамандар тарапынан қолдау тапты. Кездесудің нәтижелі болуы үшін, арнайы қонақ ретінде, Алматы қаласы Еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Отыншиев Мейіржан Батырбекұлы  шақырылды. Ұсыныстар жан-жақты талқыланып, өзектілігі айтылды. Мамандардың айтуынша, Республикада мұндай орталықтар өте аз, дендеп дамымаған. Осындай келелі мәселені ақылдаса келе, орталықты ашу және оны  «Ел назы» деп атау ұсынылды. Ашылатын орталықтың жұмыс бағыты мен негізгі мақсаттарын да талқылап, болашаққа жоспар құрылды.  Жастардың Loft орталығында, Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының бастамасымен жолға қойылып жатқан бейімдеу орталығының мақсаты-  нашар еститін балалар мен жасөспірімдерді қоғамдық өмірге тартып,  шығармашылықтың аспапта ойнау, музыка өнері бағыттары арқылы дамыту. Нашар еститін және естімейтін балалардың демалысын ұйымдастырып, қоғамда қалыптасуы мен сауықтыру шараларын шығармашылық арқылы дамытуды көздеген орталық, ата-аналар мен қатысушыларға кеңес беру, жекелей дәріс өткізу, арнайы бағдарлама бойынша сауықтыруды ұйымдастыратын болады.  Алғашқы нәтиже ретінде нашар еститін жас бүлдіршіндер музыкалық бейімдерін көрсетіп, аспапта ойнап, ән айтып  қатысушылардың көңіліне сенім ұялатты.





11.05.2018

Возврат к списку