Жаңалықтар
Астанада «Enactus Kazakhstan» студенттік кәсіпкерлік форумы өтті

Астанада «Enactus Kazakhstan» студенттік кәсіпкерлік форумы өтті

Астанада «Enactus Kazakhstan» студенттік кәсіпкерлік форумы өтті

Астанада «Enactus Kazakhstan» студенттік кәсіпкерлік форумы өтті

2018 жылғы 23-24 ақпан күндері Астана қаласында Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен Enactus Kazakhstan ұлттық офисі «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында Студенттік кәсіпкерлік форумын өткізді.
Форум жастар арасындағы бәсекеге қабілеттілік, прагматизм және сананың ашықтығы ұстанымдарын жастар арасында насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.
Форумның ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбай, Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Жастар саясаты департаментінің директоры Асхат Оралов, Қаржы академиясы ректорының міндетін атқарушы Елена Закирова, Астана Конвеншн Бюросының директоры Санияр Айтекенов және бизнес саласының өкілдері қатысты.Аталған форумның ашылу салтанатында Жастар саясаты департаментінің директоры Асхат Оралов сөз сөйлеп, жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Бұдан бөлек, форум жұмысына Астана, Алматы қалаларының, Қарағанды, Павлодар, Ақмола, Шығыс-Қазақстан, Солтүстік-Қазақстан облыстарынан барлығы 27 жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.
Форумның бағдарламасына сәйкес Enactus командасына арналған республикалық тренингтер және бизнес-серіктестіктерімен сынып-шеберліктері ұйымдастырылды.
Форум қорытындысы бойынша қатысушылар кәсіпкерлік, қаржылық сауаттылық, жобалық менеджмент, бизнес-инновация салаларында қарқынды дайындықтан өтетін болады.
Сондай-ақ, форум аясында National Expo 2018 Enactus Kazakhstan Ұлттық кубогіне және Силикон алқабының астанасы Сан-Хосе қаласында өтетін Enactus Дүниежүзілік кубогіне қатысу үшін Enactus Kazakhstan командасын дайындау жүзеге асырылады.

 

11.05.2018

Возврат к списку