Жаңалықтар
16 ақпан 2018 жылы Алматы қаласына Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысынан үлкен делегация келді

16 ақпан 2018 жылы Алматы қаласына Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысынан үлкен делегация келді

16 ақпан 2018 жылы Алматы қаласына Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысынан үлкен делегация келді

16 ақпан 2018 жылы Алматы қаласына Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысынан үлкен делегация келді

16 ақпан 2018 жылы Алматы қаласына Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысынан, Жастармен жұмыс жасап жүрген ұйым өкілдерінен құралған үлкен делегация келді. 48 адамнан құралған қонақтарды Қарағанды қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма жетекшісі Құттыбай Мирас Жанатбекұлы мен Дін істері жөніндегі басқарма жетекшісі Бикенов Нурлан Рахметуллаұлы бастап келді. Қонақтарымыздың қатарында  Қарағанды облысы Қазақстан  халықтар ассамблеясының секретариаты Құсайынов Ерлан Бейсембайұлы,  Қарағанды облысы Жастар ресурстық орталығының директоры Құрмансейіт Ақжол Ахатұлы және де Қарағанды қаласы Балалар мен жастардың үкіметтік емес ұйымдарымен жұмыс бөлімі, Қарағанды қаласы әкімшілігі, «Қарағанды облысының конфессияаралық қатынастарды зерттеу және талдау орталығы»,Қарағанды облысының Теміртау және Қарағанды облыстық мәслихаттары, Қарағанды, Балқаш, Шахтинск және Жезқазған қаласының жастар ресурстық орталығы, Приозерск, Саран, Теміртау қалаларының әкімдіктерінің өкілдері болды. Делегацияны Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма жетекшісі Бескемпіров Шыңғыс Жұмағалиұлы қарсы алды. Қарағандылықтарды Алматы қаласындағы Жастар алаңдарымен Алматы қаласын дамыту орталығының төраға орынбасары Жанна Асанова және Алматы қаласының Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының (Жастар ресурстық орталығының) директоры Алма Ауганбаева таныстырды.

Делегация назарына ұсынылған бірінші маңызды объект SmArt.Point Алматы жаңа шығармашылық кеңістігі болды. SmArt.Point өзін-өзі  қалыптастыратын, стартап жастарға арналған алаң. Орталық тәулігіне 24 сағат, аптасына жеті күн ашық. Бұл алаңда өзінің жиналыс бөлмелері, ойын алаңдары және спорт залы бар. Орталық бір шаңырақ астына әр түрлі мамандық иелерін жинаған, үлкен достыққа құмар коворкинг ретінде ұйымдастырылған. Мұнда жас суретшілермен жұмыс істейтін қоғамдық-ағартушылық және білім беру бағдарламаларын жүргізетін «Art Future» атты «Диалог, көрмелер және білім беру үшін эксперименталды алаң» жұмыс істейді. Осы орталықтың тағы бір ерекшелігі болып табылатын 120 көрерменге арналған театр алаңы жұмыс атқарады.

Қонақтар назарына ұсынылған келесі алаң Open Almaty орталығында, аудандық әкімшілік қызметкерлері, жолаушылар көлігі басқармасы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы, ішкі саясат, мемлекеттік кірістер басқармалары өкілдері қызмет атқарады. Орталыққа кез келген сұрақпен-  баланы мектептен мектепке ауыстыру туралы сұрақтан бастап, жеке кәсіп ашу мәселесіне дейін хабарласуға мүмкіндік жасалынған.


Қарағандыдан келген қонақтарға таныстырылған келесі алаң «Алматы менеджмент университеті» (AlmaU) мен Универсиада-2017 объектілері.  Делегация Алматы қаласы Алатау ауданында орналасқан «Алматы Жастары» орталығын көріп,  осы күні жүріп жатқан Аула клубтарының шығармашылық алаңымен танысты. Шығармашылық алаңдарда хореография, қолөнер, театр өнері шеберлік сыныптары кәсіби мамандардың жетекшілігімен өткізіледі.

Қонақтарды құшақ жайып қарсы алған келесі жастардың  алаңы аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат бойы жұмыс атқаратын «Depo Evolution Park»Loft орталығы. Қонақтар назарына жастар мен жастар ұйымдарына семинар, тренинг, дөңгелек үстел өткізуге  т.б  арналған 1 қабаттағы Co-working орталық таныстырылды.  Жастар Loft орталығының қызметкерлері келушілерге осы орталықта қызмет атқаратын Street Workout, Еріктілер орталығы,Жас суретшілер орталығы, Жастар ресурстық орталығы, Кеңес беру орталығы, Жатақханаларға тәлімгерлік жасау орталығы, Аула клубтары орталығының  жұмыс барысын көрсетті. Қарағандылық қонақтар Аула клубтары мен Жастар ресурстық орталығының қызметін ұйымдастыру  жұмыстарына  қызығушылық танытып, тәжірибе жинақтады.

Сонымен қатар, жастармен жұмыс жасау бағытын дамыту және жастар саясаты саласында тәжірибе алмаса отырып, жастармен жұмыс жасайтын кәсіби маман даярлау мәселесіне көңіл бөлініп, екіжақты талқыланды.


11.05.2018

Возврат к списку