Жаңалықтар
Әзірбайжан жастары достыққа шақырды

Әзірбайжан жастары достыққа шақырды

Әзірбайжан жастары достыққа шақырды

Әзірбайжан жастары достыққа шақырды

17 қарашада бауырлас Әзірбайжан Республикасының Жастар және спорт министрінің орынбасары Интигам Вағифоғлы Бабаев, Әзірбайжан жастар ұйымдарының Ұлттық кеңесінің төрағасы Сеймур Елшадоғлы Ғұсейнов және Әзірбайжан Республикасы Президент жанындағы Жастар қоры аппаратының басшысы Фаиг Акифоғлы Ғұрбатов «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы ұжымымен кездесті.

Қонақтар Әзірбайжандағы жастар саясатының ерекшеліктерімен бөлісті. Интигам Вағифоғлының айтуынша «жастар мәселелерін шешуде жоғары тиімділігімен ерекшеленетін министрліктің жауапкершілігі аса зор. Қазіргі жағдайда барлық жобаларда табысқа жету оңай емес. Еліміздің өскелең ұрпаққа қамқорлық пен ықыласы жылдан жылға өсіп келе жатыр. Сондықтан қоғамдық-саяси өмірге, мемлекет құрылысына жастарды тарту бірінші орындағы өзекті мәселе болып табылады. Өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу шараларының маңызы зор. Министрліктің қызметкерлері жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, есірткі мен маскүнемдік сияқты дерттік құбылыстарды төмендету, болашақта оларды түбімен жоюға қатысты жұмыста күш-жігерін аямайды. Кейінгі жылдарда еліміздің жас азаматтарының бос уақытын тиімді өткізуі мен дарынды жастарды анықтау және олардың құқықтарын қорғауға қатысты көп жұмыстар атқарылып, шешімді қадамдар жасалып жатыр. Жастар және спорт министрлігі республикалық жастар ұйымдарының көптеген бағдарламалары мен жобаларын жүзеге асыруда әрдайым тиімді қолдау көрсетуде».

Қонақтар орталықтың жұмысымен танысып, жастармен жұмыс жасаудың тетіктері жайында тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ екі елдің жастары арасында достық, бауырмалдық нығайтуға ат салысуға шақырды.

04.05.2018

Возврат к списку