Жаңалықтар
Аула клубтарының жылдық есеп беру концерті

Аула клубтарының жылдық есеп беру концерті

Аула клубтарының жылдық есеп беру концерті

Аула клубтарының жылдық есеп беру концерті

2017 жылдың 19 қарашасында, Әскер үйінде, Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының ұйымдастыруымен, Тұңғыш Президенті күніне арналған, аула клубтарының жылдық есеп беру концерті өтті.

Мерекелік бағдарламаның бірінші бөлімі, аула клубтарының тәрбиеленушілері дайындаған Көрмемен бастау алды. Жыл бойы шеберлігін шыңдаған жеткіншектер, көрермен назарына, халықтың қолданбалы өнер, Handmade, көркем сурет туындыларынан көрме ұсынды, «Арнау» этно-фольклорлық ансамблі түрлі композицияларымен таң қалдырды. Шеберлер аймағымен танысқан қауымды, екінші бөлімде, жас өнерпаздар, көңілді концерттік бағдарламамен қуантты. Аула клубында жыл бойы үйренген тәлімін халық назарына ұсынған жастар қатарында, әншілер, бишілер, күйшілер және басқа да өнерпаздар болды. Концерттік бағдарлама басында «БАҚ біз туралы» атты ақпараттық бейнебаян көрсетілді.

Сонымен қатар, жылдық есеп беру концерттік бағдарламасында келесі номинациялар бойынша жеңімпаздар мараппатталды. «Үздік іс-шара» номинациясы бойынша "Өрнек " аула клубының жетекшісі - Фахрутдинова Роза Хамитқызы атанды. «Үздік ашық сабағы» номинациясы бойынша "Қайсар" аула клубының педагогы - Каденко Ирина Николаевна иеленді, ал «Тәрбиеленушінің үздік шығармасы» номинациясы бойынша "Өрнек " аула клубының тәрбиеленушісі Попова Анна жеңімпаз атанды. Дәстүр бойынша, жарты жылдықта үздік нәтиже көрсеткен аула клубын - «Үздік аула клубы» атағы мен көшпелі кубок күтті, осы жарты жылдық қорытындысы бойынша кубоктың иегері болып "Апельсин" аула клубы атанды, клуб жетекшісі Колесникова Людмила Петровнаға өтпелі кубок табысталды.

Естеріңізге сала кетсек, Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры аясында, қаламыздың 8 ауданында, 40-тан астам аула клубтар жұмыс жасайды. Спорттық, мәдени, шығармашылық, әскери-патриоттық, танымдық бағытта қызмет атқаратын аула клубтар биыл 945 іс-шаралар өткізіп, 35056 адамды қамтыды.

04.05.2018

Возврат к списку